Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар

Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар


Скачать книгу
хандығының өзге жерлерінде де осындай жайлар орын алды. Қазақтарға үстемдігін әбден күшейтіп алған патшалық Ресей үкіметі осындай құйтырқы әдіс-тәсілмен отаршылдық қанау саясатын жүргізіп, оларда ел басқарудың жалпыресейлік тәртібін орнатуға кірісті. Қазақ хандығының басына түскен қасіретті тарихтың алғашқы қаралы беттері осылай ашыла бастады. Хандық 400 жылдық егемендігі мен тәуелсіздігінен кейін басына Ресей патшалығының бодандық қамытын қалай өлшеп кигенін өзі де білмей қалды. Уәли хан өлгеннен кейін (1819) «Сібір қазақтары туралы Уставқа» сәйкес (1822) «Орта жүзде» хандық өкімет біржолата жойылды. «Жүз» жері сегіз округқа бөлініп, оларды аға сұлтандар басқарды. «Кіші жүздің» соңғы ханы Шерғазы Орынборға шақырылып, оған күміс ақшамен 150 сом айлық тағайындалғанымен ол елдің тек номиналды билеушісі ғана болып қала берді. Іс жүзінде орданы мұнда да патша үкіметі тағайындайтын аға сұлтандар бөліп басқарды.

      Патша үкіметінің бұл отарлық реформаларына қатты қарсылық көрсетіп, өліспей беріспей табаны аттай 10 жыл бойы ат үстінде ерлікпен соғысқан Абылай ханның немерелері, Қасым төре ұлдары Кенесары хан (1841–1847) мен Наурызбай сұлтанның халық-азаттық қозғалысы тарих дестесіне «КенесарыНаурызбай көтерілісі» деген айдарлы атпен енді. Сөйтіп бір кездегі үлкен Қазақ хандығының саяси-шаруашылық құрылымы ақыры осылайша ұсақталып өзгеріп, біржолата мемлекет болудан қалып, жойылды.

      Не десеңіз де өзіңіз білесіз, бірақ бұл жоғарыда айтылып кеткен қаламы жүйрік ақсұңқар тарихшы-жазушымыз Илияс Есенберлиннің әйгілі трилогиясында айтылатын, халқын ақ патшаға қарсы күреске түбегейлі біріктіріп, түгелдей көтере алмай әбден күйзеліп, пұшайман болған Кене ханның ел аузында қалған атақты, әулие дерлік түсімен қалай дөп келгенін қарасаңыз. Онда әулет ақсақалдарының жоруы бойынша Кенесары жұртының алдынан алдымен арыстан болып ақырып, кейін жолбарыс болып жұлқынып, соңынан қасқыр болып азу тісін ақситып, бұдан кейін түлкі болып жылмиып жүгіріп өткен, ақыры бақа-шаянға айналып, жердің қуыс-қуысына кіріп бара жатқан жайсыз жайын көрген. Бұған не дерсіз.

      Бірақ халқы батыр ұлдарының ерлігін ұмытпай, оларға арнап аттары белгілі қисса, дастандар жазды. Бертінде Олжас Сүлейменов Кенесары ханға арнап өзінің «Сарыкене» атты белгілі өлеңін шығарды. Бүгіндері ел ордасы Астанамызда Кенесары ханға арналып көкпен таласқан биік тұғырлы ескерткіш ашылды, оның алаңдарының біріне аты берілді.

      Сонымен қазақ хандығы туралы әңгімемізді әрі қарай сабақтар болсақ, түрлі қилы кезеңдерді басынан өткерген қазақтар сыртқы күштердің арсыз араласуымен мемлекеттік дербестігінен айрылғанымен, құдайға шүкір, ішкі этникалық тұтастығын – өзінің қазақ деген ұлттық сипатын бәрібір жоғалтпай сақтап қалды. Бұл тарих аренасында бірде ыдырап, бірде қайта қосылып келген Қазақияның бұрынғы көшпелі ру-тайпалары Қазақ хандығының құрамында өткізген 400 шамалы жыл ішінде біртұтас қазақ ұлты болып бітеқайнап, ажырамастай кірігіп, бірігіп


Скачать книгу