Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар

Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар


Скачать книгу
«Кіші жүз–алшын» деп те атай береді»,-делінген (Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы. 1974 ж. 4 т. 520-521 б.б.).

      Ал халқымыздың академик-жазушысы Сәбит Мұқанов өзінің «Халық мұрасы» атты зерттеу еңбегінде «Үш жүз» атауы жөнінде: «Орыстың Шығысты, әсіресе Орталық Азияны, қазақ даласын зерттеген ғалымы Бичуриннің айтуынша, біздің дәуіріміздің 635 жылында, қазіргі қазақ даласында түркі тілдес көшпелі сақтар өздеріне шабуыл жасап, тыныштық бермейтін қытайларға қарсы үш орда: Үйсін» жерінде Үлкен орда, Есіл, Ертіс бойында Солтүстік орда, Балқаштан Каспийге дейін Кіші орда болып топтасқан. Бичуриннің айтуынша қазақ жүздері осы үш ордадан басталады. Мен бұл пікірді қолдауға бейіммін»,-дейді (Алматы. 1974 ж.).

      Ал Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Әбдуәли Қарағұлұлы өзінің «Ұлы йозілер»-ден «Үш жүз»-ге дейін» деген мақаласында: «Қытайдың жазба жылнамасында: «Ұлы йозлер» (ұлы жүздер) жыл санауымыздан бұрынғы Ш ғасырда Қытайдың батыс-солтүстік өңірін қоныстанған ежелгі ұлыстардың бірі екені айтылған. Кейін бұлар батысқа қарай ауғанда «Ұлы йозілердің» көше алмай қалған бір бөлігі Наншан тауына шегініп, сол жердегі тайпалармен араласып кеткен де, бұлар «Кіші йозі» деп аталған.Бұдан біз «жүз» деген атаудың өте көне сөз екенін, кейбіреулердің айтып жүргеніндей, сан мағынасында емес, ежелгі ұлыстар мен тайпалар бірлестігінің аттары екенін аңғарамыз»,-дейді («Ана тілі» газеті. № 27. 1997 ж.). Бұған біздің қосарымыз, «йоз» сөзі тілімізде транскрипцияға ұшырап, кейін өзімізге үйреншікті «жүз» атауы болып пайдаланылғандығы күмән келтірмейді. Алдыңғы еңбек үзіндісінен де, кейінгі мақала түзіндісінен де ұғатынымыз, «жүз» сөзінің астарында, Қарағұлұлы айтпақшы, сандық мән емес, заттық мағынаның жатқандығы. Түйгеніміз, қазақтың ру-тайпалық «жүздері» сол көне «йоздерден» бастау алатын бірлестіктер емес, өз дәуірінде қазақ хандары мен билерінің ұшы-қиыры жоқ ұлан-ғайыр сағымдай созылған сары даланы мекендеген сансыз көп ру-тайпаларды билеп-төстеуді жеңілдету үшін, әсіресе соғыс-түйіс кезінде «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» тез ұйымдасып, жұмыла әрекет, қимыл жасау үшін ескіден еске түсіріп қолданылған әкімшілік басқару жүйесінің бір көрінісі десек шындыққа жақындай түсетін секілдіміз.

      Қазақ хандарына дейін де дала сахарасының билік жүйелерінде жүздер деп аталмаса да жүздерге ұқсас, соларды елестететін түрлі ру-тайпалық бірлестіктер мен ұлыстар болғандығы белгілі.

      Шежіреші Зайыр Садыбековтің «Қазақ шежіресіндегі»: «Жүзқазақ болып қалыптасудан бұрын, «Дешті Қыпшақ» дәуірінде құралған аймақтық одақ. Оған біріккен тайпалардың бәрі бірдей бір атадан емес. Жүзкөне түркі тіліндегі «Дүз»(дала) деген сөзден шыққан. Қазақта «құла дүз» деген сөз бар. Ол құла дала деген мағынада. Бір деректе «Жүз» араб тілінде «бөлік» дегенді аңғаартады дейді. Қайткенде де «Жүздің» пайда болуына жүз-жүзден құралған әскерлерден шықты дегенге қарағанда аймақтық ұғым«Дүз» (Дала) деген сөз қолайлы сияқты. «Жүз»ойрат тілінде


Скачать книгу