Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар

Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар


Скачать книгу
1500 ұлт пен ұлыс өкілдері өмір сүреді екен. Мәселен, солардың бірде-біреуін шежіресіз деп айта алмайсыз. Бәрінің шыққан тектерін, басынан-кешкендерін ұрпаққа жыр етіп баяндап берер өзіндік қисса-дастандары мен жыр-аңыздары бар. Шежіре дегеннен шығады. Шежіре Қазақ Совет энциклопедиясында арабтың шаджарат–бұтақ, тармақ деген сөзінен шығатындығы, халықтың шығу тегі мен таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы екендігі айтылады (12 т. 231 б.).

      Айтпағымыз, қазағымыз тегін білмейтін жетім ел емес. Жеті атасынан бастап, түптұқиянына дейін тарқатып, таратып бере алар шежіресі бар жетіскен ел. Өзге жұрттар қазақты жаһан халықтарының ішіндегі ең бір шежіре-жазбаларға бай ел дейтін көрінеді. Солай десе солай да шығар. Себебі халқымыздың өмірінен сыр шертетін жылнама іспеттес тарихи жыр-дастандарды былай қойғанда жүздер шежіресі, жүздер шежіресін қоя тұрғанда, бізде не көп әулеттер шежіресін саусақпен санап болмайды.

      Әрбір әулет бабаларын, олар өмір сүрген орта тарихын, солардың басынан кешкен уақиғаларын өсіп келе жатқан өскелең ұрпаққа үлгі, тағлым етіп тарту үшін аянып қалған ба. Олардың ерлік істері мен көшелі тірліктерін барын салып, көсем сөзбен кестелеп жеткізіп беріп отырған жоқ па. Ондағы мақсаты–оларды бабалар тірлігімен, аталар ірілігімен рухтандырып, бойкүйезділікке салынбас, өмірдің келеңсіз жайларына бой алдырмас жігерлі жан етіп өсіріп, үлкенді сыйлар, кішіні құрметтер, ата-анасы мен жақын туыстарына қорғаушы, сұраушы болар намысты азамат етіп, тәрбиелеп шығару еді.

      Шежіреге бай елміз деп отырмыз ғой. Олай болса, алдымен сол шежірелердің ірі, мазмұндыларын іріктеп алып, атын атап, түсін түстеп кеткен жөн сияқты. Шежірелердің ең үлкені, құндысы Рашид ад-Диннің «Түрік-моңғол шежіресі», Жамал Қаршидың «Оғыз-қыпшақ шежіресі», «Қарахан шежіресі», Ұлықбектің «Шад-жарат әл-атрак шежіресі», Әбілғазының «Шежіре-и түркі», «Шежіре-и тарахимесі», қазақ хандығы құрылған жылдары көп қолданылған «Насаб-наме Шыңғыс», «Насабнаме қазақ», Бейбарыс пен Ибн Халдун жазған «Қыпшақ шежіресі», «Жаһаннаме», ел арасына кең тараған «Абылай шежіресі» мен «Әбілхайыр шежіресі», кейіңгі қазақ оқымыстылары мен ойшылдары топтастырып жазған Мұхаммед Хайдар Дулатидің, Қыдырғали Қосынұлы Жалаиридің «Көшен–Қарауыл шежіресі», «Жәңгірхан шежіресі», Ш.Уәлихановтың «Ұлы жүз шежіресі», Абдулла Ниязовтың «Үш жүз шежіресі», Мұса Шорманұлының «Шежіресі», Өтеу Бөжейұлының «Қазақ жұрты шежіресі», Қорғанбек Бірімжанұлының бастауымен жинақталған «Орта жүз және кіші жүз шежіресі», Ақмолданың «Ғажайып шежіресі», «Насаб Шыңғыс», «Шыңғыснама» шежірелері», Ш.Құдайбердіұлының «Қазақ шежіресі», Халиди Құрбанғалидың «Қазақ шежіресі», Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Қазақ шежіресі», «Бұл қазақ қай кезде «Үш жүз» аталған шежіресі», Нұржан Наушабайұлының «Қазақ пен түрікмен шежіресі», сыр бойынан Торғай би жинаған «Үш жүз шежіресі», Диханбай батырдың «Ұлы жүз шежіресі», Қазыбек Тауасарұлының «Өзімнен түптұқияныма


Скачать книгу