Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар

Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар


Скачать книгу
менің 5-атам Сұңқар болса, менімен туыс, құрдасым Шүкірбек бауырымның да 5-атасы Сұңқар. Демек біз онымен бесінші буыннан қосылатын ағайынбыз. Қарапайым арифметика емес пе, екеумізге ортақ осы Сұңқар баба кейінгі ұрпақтарымыздың 7-аталарына айналған шаққа дейін олар өзара туысқан жандар болып қала бермек. Туыстық ара-жіктері 8-атаға өтерде ғана ажырайды. Қалабай баба Айтмахан ағамыз бен әкеміздің 3-атасы болса, ал менің 4-атам. Ендеше мен Айтмаханмен төртінші атадан қосылатын туыспын. Әлібек бабаҚылышбайдың да, менің де үшінші атамыз. Сондықтан біз 3-атадан қосылатын туысқанбыз. Ал мен Асанмен әкелеріміз біртуған ағайынды адамдар болғандықтан 2-атадан, Мыңжасардан қосыламын. Демек ол менің, жұрт аузында жиі айтылып жүретін екі туып, бір қалған жақын бауырым. Сонымен осы аталған ағайындар арасындағы қыз алыспас туыстық қатынастар қашан да болсын жаңағы біз айтып кеткен тәртіп бойынша есептеліп, шығарылады.

      Жеті атаны тарқатып, санаудың көнеден келе жатқан бұдан басқа жолы жоқ. Осы ретте айта кететін тағы бір жайт – көп әулеттер ағайындық қарым-қатынастарын тек жеті атасымен ғана шектеп қоймайды. Ақсақалдары жиылып, арнайы шешім шығармайынша олардың туысқандық қатынастары жетеуден асып, әрі қарай оныншы, он екінші аталарға да ауысып, жалғаса беретіндігі бар. Бұл әулет адамдары арасында қалыптасып, кең таралған аса бір үлкен бауырмашылдық белгісі екендігі анық. Жаһан халықтары арасында түрлі әзіл-күлкілі әңгімелерге арқау болған, туысқанға ең бай халық қазақ екендігі де содан ба дейміз.

      Құлаққағыс ете кететін тағы бір мәселе–жөн сұраса келгенде арамыз 2 ата немесе 3 ата, 4 ата деп емес, 2– немесе 3-, 4– атадан қосыламыз деп айту дұрыстау сияқты. Өйткені туыстық ара-қатынастарды түсіндіру үшін бұл жеңіл тәсіл. Сонымен жеті ата жөнінде айтқымыз келгені негізінен осылар. Кезек күттіріп тұрған өзге де тақырыптар бар болғандықтан осымен жеті ата жайлы әңгімемізді тамамдаймыз. Келесі тілге тиек етіп айтарымыз–қазақ атауы. Енді соған көшейік.

      Қай ел, қай халықтың тарихы жайлы сөз қозғамайық, оның алтын қазық арқауы, аттап өтуге, айтпай кетуге болмайтын тақырыбы–қашанда қарға тамыр қазағымның осы «қазақ» деген атауы. Сондықтан біз де шежіремізді әрі қарай осы айтып отырған «қазақ» атауы тарихымен сабақтастыра жазғанды жөн деп санадық. Ендеше, жеті атадан басталар шежіреміз кешелері күн кешкен қазағым мен оның көне тарихы жайлы не дер екен, енді соны бағамдап көрейік.

      2 бөлім

      ҚАЗАҚТАР КІМДЕР, ҚАЙДАН ШЫҚҚАН?

      Ана құрсағынан ән-күй мен сөз қадірін біліп туар от ауыз, орақ тілді қазағым үшін бұл керек-ақ нәрсе деп ойлаймыз. Өйткені бесіктен белі босамай жатып, жеті ата мен ру, жүзіне дейін сүрінбей, судыратып тұратын ол, ал «қазақ кім, ол қайдан шыққан?» деп тікесінен сауал қоя қалсаң тілін жұтып қойғандай кібіртіктеп, тосылып, жауап бере алмай қалатыны бар.

      Қысылмай мойындауымыз керек, тегіміздің "қазақ" деген атауынан арғы


Скачать книгу