Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева

Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева


Скачать книгу
мақаласы мен «Почвенные районы Перовского уезда Сырдаринской области» атты картасы енді, сондай-ақ, Сыр қазақтарының жайлауға көшу жолында қырда түскен аса құнды бірегей фотосуреттерін енгізген [277]. С.С.Неуструевтың осы зерттеуі нәтижесі «Почвоведение» журналында да жарияланды [278].

      Сырдария Облыстық Статистикалық комитеттің «Обзор Сыр-Дарьинской области» атты жинақтарындағы статистардың 1886 [294], 1889 [284], 1892 [285], 1895 [286], 1906 [287], 1908 [288], 1909 [289], 1910 [290], 1911 [291], 1912 [292], 1913 [293] жылдардағы жүргізген еңбектерінің есебі берілген, соның ішінде мал шаруашылығын ұйымдастыру, көшпелілер мен отырықшылардың, ауыл мен қала тұрғындарының ара салмағы, дәстүрлі кәсіптердің дамуы, агрокешендік мәліметтер, жергілікті халықтардың жастық және жыныстық құрамы, діни сенімдерінің статистикасы, халықтың қоныстану тығыздығы, табиғи өсуі мен кемуі сияқты тарихи-демографиялық мәліметтердің де маңызы зор. «Обзор Сыр-Дарьинской области» атты жинақтардың қай жылғы басылымын алып қарасақта, өткен жылдың қорытындысымен салыстырмалы көрсеткіш беріп отырған.

      1920 жылы 28 сәуірде сол кездегі ауыл шаруашылық санағымен қоса қабат жүрген алғашқы кеңестік санақ өткен. Бұл уақытта Азамат соғысы біте қоймағандықтан санақ Қазақстанның территориясын, соның ішінде Сырдария облысын да толық қамтымаған. Санақ нәтижесі жарияланған еңбек Перовск және Қазалы уездері тұрғындарының демографиясымен қатар, сол кезеңдегі әкімшілік бөлінісін және болыстардың географиясын нақты береді. Осы санақтың Сырдария облысында жүргізілу нәтижесінің қорытынды есебі «Материалы Всероссийских переписей 1920 года» атты жеке еңбек болып жарияланып, Перовск және Қазалы уездерінің мәліметтері 1-бөлімінде қамтылған [241]. Д.П.Красновскийдің жетекшілігімен Түркістан Республикасының Орталық Статистикалық Басқармасының есеп кітабының мәліметтері де осы 1920 санақ кезінде жүргізілген зерттеулерге негізделген, аталмыш еңбекте қала мен ауыл тұрғындарының, көшпелілер мен отырықшылардың арасалмағы, өңірдің этникалық құрамының статистикасы берілген [299].

      Қызылорда уезінде қазақ ауылдарында Казақ Кеңестік Социалистік Автономия Республикасының Орталық Статистикалық Комитеті 1924-1925 жылдары зерттеу жүргізіп, нәтижесінде 1926 жылы О.Жандосовтың алғы сөзімен В.Г.Соколовскийдың «Казахский аул» атты еңбегі жарияланған. Аталмыш еңбектегі деректер 1920 жылдардағы қазақ ауылының келбетін, байырғы қазақ ауылынан айырмашылығын нақтылап береді. Зерттеушілер Қызылорда уезіне қарасты Төлес ауылы, Тереңөзек, Жалағаш, Қараөзек болыстарының картасын жасаған, оған болыстардың шекарасы мен гидрологиялық сызбасы енген, Төлес ауылының шежіре кестесін жасап қосымшасына енгізген. В.Г.Соколовскийдің осы еңбек арқылы ғылыми айналымға ендірген Қызылорда уезі болыстарының картасы, шежірелік диаграмасы мен сол кездегі қыстау үйлердің сыртқы көрінісінің сызбасының этнографиялық мәні зор [335]. 1926 жылғы Бүкілресейлік санақ қазақ жерінің этнодемографиясын қамтып қана қоймай, қазақ уездерінің әкімшілік бөлінісін көрсететін карталар сызбасын


Скачать книгу