Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева

Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева


Скачать книгу
керейт, кердерілердің қоныстануын жазуға Ә.Исаева, ал телеу, табын, жалайыр, арғын, найман руларының қоныстануын жазуға Т.Е.Картаева қатысқан.

      М.С.Сазонованың «Традиционное хозяйство узбеков Южного Хорезма» атты еңбегінің «Пути сообщения и средства передвижения», «Торговля» атты бөлімдерін Орта Азия шығатын керуен жолдарының Сыр үстінен өтетін бағыттарын, керуен жолдарының қашықтығын және Орта Азия хандықтарынан келетін сал, кеме сияқты қатынас құралдарының жеткізілу жолдарын анықтау мақсатында қарастырдық [323].

      Сыр өңірі қазақтарының және жалпы халықтардың тарихи-этнографиясының деректік негіздерінде палеографиялық ескерткіштердің маңызы ерекше. Сырдария және Арал бойының тарихы мен этнографиясына қатысты қытай, монғол, парсы, шағатай, араб тілдерінде жазылған ортағасырлық шығыс және мұсылман жазба деректері мен олардан үзінділер базасын жасау, «Сырдария жазуы», монета бетіндегі жазулар сияқты палеографиялық ескерткіштерінің тарихы мен мазмұнының мәнін ашу арнайы зерттеуді, оны этнология мен этнолингвистика, түркітану, шығыстану, деректану ғылымдарының тоғысы аясында зерттеуді қажет етеді.

      Әбу-л-хайр Фазлаллаn ибн Рузбеханның «Михман наме-йи-Бұхара» атты еңбегінде XV-XVI ғасырлардағы Сырдария бойындағы қалалар мен қазақтардың тұрмысы, шаруашылығы қамтылған. Әбу-л-Фадл әл-Қарши Орта Азия мен Сырдария бойына бірнеше рет саяхат жасап, Баршынкент, Жент қалаларын зерттеген, оның «Мұлхақат ас-Сурах», Әбу Жафар ат-Табаридың «Тарих ар-русул уә-л-мулук» атты еңбектері орта ортағасырлардағы қазақ жерінің оңтүстігі тарихының дереккөзі. Әбу-л-аббас Ахмед әл-Иақуби «Китаб-әл-бұлдан», Әбу Дулаф әл-Хазражидің «Рисалла», Әбу-л-Қасым ибн Хаукалдың «Китаб әл-масалик уә-л-мамалик» атты еңбектерінде оғыздар, тоғыз-оғыздардың; Әбу-л-Аббас Ахмед әл-Белазуридің «Китаб футух әл-бұлдан», Әбу-л-Хасан әл-Масудидің «Ахбар әз-заман» атты еңбегінде, Әбу-л-Қасым ибн Хордадбехтің, Әбу-л-Хасан ибн Сайдтың жазбаларында оғыздардың тарихи-этнографиясы қамтылған. Әбу-л-Фарадж әл-Басридің «Китаб әл-харадж» атты еңбегінің Сырдария бойы қалаларының тарихы үшін маңызы зор. Әбу Абдоллаn әл-Идрисидің «Сурат әл-ард», «Нұзхат әл-мұштақ фихтирақ әл-афақ» атты еңбектерінде Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал бойының тарихи географиясы, картографиясы, оғыздар мен қыпшақтар туралы құнды деректер берілген. Әбу-л-Фарадж жазбаларында оғыздар сарайының сән-салтанаты қамтылған, оның шар тәрізді картасында Сыр-Арал өңірі, Қыпшақ даласы көрсетілген.

      Ал, Сырдария петроглифтік ескерткіштеріндегі (Қаратаудың Сыр өңіріндегі қырат, жоталарындағы жартастағы суреттер) ежелгі тайпалардың дүниетанымынан тұрмыс-тіршілігінің сырын ашу, ғылыми паспорталуы этноархеология ғылымында терең зерттеуді қажет етеді.

      Сыр өңірі қазақтарының этнографиялық тарихнамасында архив құжаттарының алатын орны ерекше. 1910 жылы Ресей әскерилері түсірген «Карта южной пограничной полосы Азиатской Россий. ХІ. Казалинск, Туркестан» атты карта


Скачать книгу