Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева

Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева


Скачать книгу
әскери-шығыстанушы, этнограф, штабс-капитан Николай Николаевич Каразин де Түркістан өңірінің тарихи-этнографиясына ерекше із қалдырған зерттеушінің бірі. 1880 жылдары патшаның Қысқы сарайының Әскери галареясында Орта Азия мотивтері бойынша картиналар сериясының көрмесін жасап, бұл туындылар кейін Орыс музейіне табысталған. 1879 жылы Самара ғылыми экспедициясының құрамында болып, Самарқанд, Ходжент, Ұратөбе, Жизақ, Сыр бойы, Бетпақдаланы аралап, зерттеу нәтижелерін қағаз бетіне түсірумен қатар, қылқаламмен суретін де салып отырды. Соның бірі «Живописная Россия» басылымында жарияланған «Нижнее течение СырДарьи» [163] атты жазбасы және «От Оренбурга до Ташкента. Путевой очерк Н.Н.Каразина» атты еңбегі Сыр өңірі қазақтарының материалдық мәдениетін қамтыған [164].

      Түркістан әскери округінде 20 жылдан астам әскери қызметте болып, өз қызметін зерттеушілікпен ұштастырған әскери шенеушіктің бірі генерал-майор Лев Феофанович Костенко. 1880 жылы жарық көрген «Туркестанский край. Опыт военно-статистического обозрения Туркестанского военного округа» атты 3 томдық еңбегі Перовск және Қазалы уездерін, Арал бойын толығымен дерлік қамтыған. Л.Ф.Костенко сондай-ақ өз жазбаларын әр жылдары «Туркестанские ведомости», «Морской сборник», «Военный сборник» басылымдарында жариялап отырды. Солардың қатарында «Аральская флотилия и плавание по реке Сыр-Дарье» [185], «От Хивы до Казалинска» [186], «Аральская флотилия» [184], «Современное состояние Аральской флотилии и очерк ее деятельности» [187], т.б. жазбаларын атауға болады. Л.Ф.Костенконың зерттеуінше Сырдарияның Жанысу, Қуаңдария арналары Аралға құйған, кейін экологиялық себептен арналары кеуіп кеткен. Жанысу мен Қуаңдария арқылы Әмудария Сырдариямен жалғасқандығын дәлелдейтін топографиялық түсірілімдер картаға енгізіліп, 1875 жылы Париждегі Халықаралық географиялық конгресте көрсетілген [187, 198-199].

      Белгілі әскери шығыстанушы, географ, этнограф Николай Александрович Маев Орта Азия халықтарының тарихи-этнографиясын зерттеуге ерекше үлес қосқан тұлға. «Туркестанские ведомости» газетінде 1869-1892 жылдары редактор болып қызмет еткен жылдарында бұл басылым этнографиялық басылымға айналған. Н.А.Маевтың «Очерк истории киргизского народа с 1732 по 1868 год» [223], «К вопросу о родственных связях среднеазиатских народов между собою» [221], «Записки о древних развалинах и курганах в Сырдаринской области» [219], «Ирригационные работы в Казалинском уезде» [220], «Низовья СырДарьи» [218] атты жазбаларын деректік негізге алдық.

      Сыр өңірінің Қызылқұммен шектесетін аймағының тарихи-этнографиясы жайлы деректер саны өте шектеулі екендігі ғылымға аян, осы тұрғыдан алып қарасақ подполковник Александр Павлович Хорошхиннің қалдырған мұрасының құндылығы ерекше. Түркістан генерал-губернаторы К.П. фон Кауфман Түркістан өлкесін зерттеудегі жауапты, әрі маңызды шараларды А.П.Хорошхинге сеніп тапсырған. Махрам түбіндегі қоқандықтармен шайқаста қайтыс болғаннан кейін оның мұраларын есте сақтау мақсатында


Скачать книгу