Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том. Тәттігүл Картаева

Сыр өңірі қазақтары. Тарихи-этнографиялық зерттеу (ХІХ ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басы). 1-том - Тәттігүл Картаева


Скачать книгу
қамтыған. Г.С.Загряжский Сырдың төменгі ағысы бойы қазақтары айналысқан қосалқы кәсіп, балық шаруашылығы мәселесіне де көңіл аударған. Г.С.Загряжский қазақ қоғамында қолөнер шеберлерінің алатын орны ерекше екендігін, халық шеберлері мен ұсталарының әр ауылда кездесетіндігін жазып кеткен. Сондай-ақ, ағаш өңдеу, киіз басу, тері илеу, қамшы өру, арқан есу, сабын қайнату, жүн бояу, жүн сабау, оқ-дәрі құюдың дәстүрлі технологиясын жан-жақты ашып көрсетілген.

      Г.С.Загряжский Сыр қазақтарының жосын-жоралғыларын да бақылып, нәтижелерін жариялап отыруды көздеген. Ол қазақтардың адамды ең арқырғы сапарға шығарып салу рәсімінің атқарылу жолдарын қарастырып, алғашқы болып «Туркестанские ведомости» газетінде жариялаған. Оның «Аш и тризна по умершим» атты мақаласы өлетінін сезген адамның туыстарымен араздасуы, қоштасуы, өлімді естірту, хабаршы жіберу, жоқтау айту, көрісу, көрістіру, «қаралы үй» тігу, өлікті жерлеу, сүйекшілерді күту, биіт тұрғызу, биіт басына белгі қою, ас берілге дейінгі өлген адамның отбасында ұсталатын дәстүрлер мәселесін қамти отырып, одан әрі астың атқарылу рәсіме тоқталады. «О направлении торговых путей в Туркестанском крае» атты мақаласынан Сыр өңірінің үстінен өтетін сауда жолдарымен қатар Сыр қазақтарының да сауда ісіне араласуы, саудагерлікке қатысты кәсіпшіліктердің дамуы мәселесіне қатысты деректер алуға болады. Е.А.Александров пен Г.С.Загряжский авторлар көтерген ортақ мәселе Сыр өңірі қазақтарының көшпелі шаруашылығы, мерзімдік жайылымдарды, көш жолдарын пайдалану ерекшеліктері және көшпелі қауымға қатысты статистикалық анықтамалар жасауы болып табылады. Екі автор да Сыр өңіріне қатысты зерттеулерін «Туркестанские ведомости» газетінде жариялатуға тырысқан. Ал, екі автордың айырмашылығы өздері қызмет еткен жерлері, яғни Е.А.Александров Қазалы уезі қазақтарын, Г.С.Загряжский болса Перовск уезі қазақтарын зерттеуді нысанаға алған.

      Г.С.Загряжскийдің «Юридический обычай киргиз о различных родах состояний и о правах им присвоенных» атты еңбегінде қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастарға қатысты әдеттік құқық қамтылған.

      Е.А.Александров пен Г.С.Загряжскийдің Сыр өңірі қазақтарына қатысты жазбалары арқылы ХІХ ғасырдың екінші жартысы, ХХ ғасырдың бас кезіндегі көшпелі шаруашылықтан отырықшылыққа өту кезеңіндегі қазақтардың дәстүрлі көші-қон ырғағындағы өзгерістерді, көші-қон бағытын, көшу жолдарын, көшпелі шаруашылыққа қатысты әдет-ғұрыптық ерекшеліктерді нақтылауға болады.

      Әскери зерттеуші О.Шкапскийдің «От Орска до Казалинска» атты мақаласында қазақ жерінің батыс өңірі мен Сырдың төменгі ағысын алып жатқан Қазалы өңіріндегі көшпелі қазақтардың тіршілік қамы жүйесі, көшпелі мал шаруашылығын ұйымдастыруы, мерзімдік баспаналары, тұрмыстық бұйымдары сияқты іргелі мәселелер қамтылған [283].

      Сырдария облысында 1906-1908 жылдары қызмет істеген, Түркістан әскери округін басқарған генерал Николай Иванович Гродековтың «Киргизы и каракиргизы


Скачать книгу