Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар). Амангелді Әліпбаев

Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар) - Амангелді Әліпбаев


Скачать книгу
әскери мақсаттарына жетіп жатты. Сондай өзара ынтымақтастық нәтижесінде, 16 ғасырдың ортасында католиктік Франция неміс князьдеріне католиктік императорға қарсы күресінде көмектесуіне байланысты Мец, Туль және Верден шіркеулігіне ие болса, ал герман жерін тоздырған отыз жылғы соғысты аяқтаған 1648 жылғы Вестфаль бітімі, еуропалық істегі Францияның ықпалының өсуін бекітті [8, s.164].

      Яғни, осы соғыстың қорытындысы болған Вестфаль бітім шарты бойынша Францияға Жоғарғы және Төменгі Эльзас өтті, сондай-ақ француз шекарасы Рейн өзеніне жетіп қана қоймай кейбір жерінде одан да асып түсті. Яғни, сонау ХҮІІ ғасырдағы Францияның осы Эльзас аймағын өзіне қаратуға ұмтылуы, өзінің мемлекеттік қуаттылығы мен беделінің арқасында кен байлығы мол аймақты қамтып қалуы, геосаясат тұрғысынан алғанда, мемлекеттің жан-жақты күшейе түсуіне негіз болса, Рейн өзенін өзіне қарата алуы, оның қарым-қатынасын, яғни, жол қатынасын кеңейте түсті. Бұл өз кезегінде мемлекеттің нығая түсуінің негізгі көзі болатын.

      Франция мемлекеті осындай жағрапиялық кеңістікті кеңейту арқылы, экономикасының дамуына мүмкіндік туғызып, Еуропа құрылығындағы ең беделді мемлекетке айналғандығы белгілі. Ал Рейн өзені, Эльзас аймағы кейінгі ғасырларда француз-герман шиеленісіндегі басты мәселелердің біріне айналатындығын біз халықаралық қатынастар тарихынан жақсы білеміз. Амалсыздан, әлсіздіктің шарасынан мұндай құнарлы аймақтардан айырылған неміс княздіктері өздерінің келешек сыртқы саясатын толығымен қарымта қайтаруға бағыттайтындығы сөзсіз еді. Өйткені бұл аумақтағы жер қойнауының байлығы қай мемлекетті болмасын қызықтыратыны хақ. Сондықтан да, екі ел арасындағы бірнеше ғасырға созылған бақталастық пен бәсеке осылай біртіндеп қалыптаса бастаған еді. Империяның әлсіреуіне Швейцария мен Голландияның құрамынан шығып, өз алдына жеке мемлекет болуы, Швейцарияға кейбір аймақтардың өтуі, Бранденбург курфюстысының әлде қайда күшеюі, келешекте неміс мемлекеттерінің арасындағы үстемдік үшін күресте Габсбургтердің бәсекелесі болуына өте зор әсер етті.

      Отыз жылғы соғыстың келешек Еуропа тарихына тигізген ең басты салдары, ол империяның көптеген тәуелсіз мемлекеттерге ыдырауы еді. Вестфаль бітім шарты бойынша неміс князьдері ендігі жерде өз бетінше сыртқы саясатын жүргізуге, келісім шарттарға қол қоюға, соғыс жариялауға және бітім жасасуға құқық алған болатын [2, s.250-253]. Заманның дамуына сай, ірі неміс князьдіктерден басқа, сондай-ақ көптеген ұсақ князьдіктер де орталық биліктен тәуелсіз болуға ұмтылды. Өз кезегінде олардың кейбіреуі өз мақсаттарына жету барысында қашанда көрші, Франция сияқты күшті мемлекеттерден қолдау іздейтіндігі белгілі еді.

      Людовик 14-тің билік құрған кезінде (1661-1715) Еуропа құрылығында француз билігі үстем болды [9, s.192]. Франция королі көршілес жатқан неміс корольдіктерінің ісіне дөрекелікпен араласып, оларды бір-бірімен өзара шағыстырып, қалай да Францияға қосу әрекеттерімен айналысты. Бұл халықаралық қатынастар


Скачать книгу