Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар). Амангелді Әліпбаев

Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар) - Амангелді Әліпбаев


Скачать книгу
қақтығысы”, – деп айқындаған [4, с.243]. Яғни, осы шиеленіске қатысқан әр мемлекет өзінің одақтасына әскери көмек беруі, сол мемлекетке жаны ашығандықтан емес, өзінің алдына қойған түпкі мақсатына жетуді ойлауынан, өзінің мүддесін қанағаттандыру жолындағы іс-әрекеті екендігі күмән туғызбайды. Ол тарихи заңдылық та. Сол орайда, бұл соғыста Франция көздеген мақсатына жете алмады. Пфальц аумағы Империя құрамында қалып, Франция Люксембургті және Рейннің оң жағалауынан бас тартуына мәжбүр болса да, бұл жолы таласты аудан Эльзас пен Страсбургті өз құрамында алып қала алды [2, s.268].

      Ал “испан мұрагерлігі” үшін болған соғыс Франция мемлекеті үшін өте нәтижесіз аяқталған болатын. Бұл соғыста Франция жағында Бавар және Кёльн курфюстілері соғысса да, Бранденбург курфюстісі Императорды қолдағаны үшін одан прусстық королі деген лауазымға ие болған еді [2, s.270]. Бұл да бір көздеген мақсат. Халықаралық қатынастар тарихында өкінішті жайттардың бірі – кей сәттерде жеке билік басындағылардың мүддесін қорғауда жай қарапайым халықтың қаны төгіліп, жаны пида болады. Сонымен, Людовик 14-тің билік құрған соңғы жылдары толассыз болған соғыстарда титықтаған Францияның еуропалық құрылықтағы ықпалының әлсіреуі, Пруссияның күшеюімен сабақтаса келді. Бұл, өз кезегінде, Пруссия елінің австриялық Габсбургтерге ашық қарсы тұра бастауына қолайлы жағдай туғызды. Яғни, К.Боулдингтің көзқарасы бойынша, бұл – “әр тараптар өз кезегінде басқаның көңілінен шықпайтындай деңгейді басып қалуға ұмтылатын бақталастық жағдайы болатын” [4, с.243]. Басқаша айтқанда, халықаралық өзара қарым-қатынастарға қатысушылардың бір сәтте жүзеге асыруға ұмтылған мүдделерінің қарама-қайшылығы іспеттес.

      Кейінгі ғасырларда, әсіресе Людовик 15-тің тұсындағы Франция неміс мемлекеттеріне байланысты дәстүрлі “қуатта да биле” саясатын жалғастыруға тырысты. “Австрия мұрагерлігіне” байланысты соғыста (1740-1748 жж.) Франция басында Пруссияны қолдаса, 1756-1763 жылдардағы “жеті жылдық” соғыста Австрияны қолдағанымен, екі соғыстың нәтижесі де француздар үшін тиімсіз болды [2,s.281-282]. Ақырында, француз монархиясының экономикалық және саяси дағдарысы 1789 жылғы бұржуазиялық революцияға әкелді. Француз революциясын тұншықтыруда басты қимыл жасаған Пруссия екені белгілі. Оның басты себебі өзінің көршілес бақталас мемлекетінің дағдарысқа ұшырап, әлсіреген тұсын пайдаланып қалуы, саяси-экономикалық тұрғыдан алғанда өте қолайлы сәт еді. Француз конвентінің “табиғи шекараны”орнату жөнінде ұран тастауы, революциялық соғысты ақтау әрекеті екендігі аян. Яғни, бұл Рейннің сол жақ жағалауындағы аймағын – Бельгияны, Голландияның бір бөлігін және Рейнге таяу жиегіндегі неміс мемлекеттерін Францияға қосу еді. Әрине, бұл бір жағынан француз халқының неміс ұлтына деген жағымсыз жақтарын оятып, соғысқа тарту барысындағы саяси көзбояушылық ұраны.

      1789-1798 жылдардағы революциялық соғыс нәтижесінде Франция өзіне қосып алған неміс аймақтарына толық сіңісе отырып, өзінің ажырамас бөлігіне айналдырды


Скачать книгу