Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар). Амангелді Әліпбаев

Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар) - Амангелді Әліпбаев


Скачать книгу
Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, қандай да бір тарап қарама-қайшылықты әскери деңгейде қарастырса, сол сәт мемлекетаралық қақтығыстың да басталуы.

      ХХ ғасырдың басында қалыптасқан халықаралық қатынастар нәтижесі, француз-герман қатынастары арасында ежелден келе жатқан талас-тартыспен қоса, отар елдер төңірегіндегі жанталас, ғасыр басындағы дүниежүзілік соғысқа итермеледі.

      Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы күндері-ақ Францияның Германияға қарсы тұруына тек Ұлыбритания ғана емес Ресеймен де одақ құрғандығының маңыздылығы зор болды. Осы одақтың мүшесі болған Ұлыбритания да француз-герман қатынасында өзіндік орын алып келгендігі белгілі. Еуропаның солтүстік-батысында орналасқан кәдімгі аралдық мемлекет Ұлыбритания, ежелден осы аймақта маңызды стратегиялық жағдайды қалыптастырған. Еуропалық құрылықта басқа мемлекеттердің үстемдігін болдырмауға ұмтылған Ұлыбритания тежеу саясатын қалап алған еді. Осыған орай, бірнеше ғасырлар бойы Германия мен Франция арасындағы қатынаста тікелей немесе жанама түрде екі мемлекет қайшылығында төреші рөлін атқаруға ұмтылған Ұлыбританияға да байланысты болды. Өмір бойы Ұлыбританияның ұмтылғаны Еуропа құрылығында “күштердің тепе теңдігін” құру болды, тек, ешбір мемлекеттің онда үстемдік жағдайында болуын қаламады.

      Гарольд Никольсонның айтуынша: ”Британдық саясат қашанда сол сәт Еуропада күшті деп есептелінетін, қандай да болмасын бір елге қарсы топты ұйымдастыруға бағытталды; Егер Еуропадағы ағылшын саясатының мақсаты – күштердің тепе теңдігі – Англияның тікелей қатысуынсыз іске асатын болса, онда олар “араласпау”, “әдемі оқшаулану” саясатын ұстауға әзір. Ал егер олардың қатысуынсыз іс жүзеге аспайтын болса, олар еуропалық іске ашық түрде араласып, әрине, мүмкіншілікке қарай, өздеріне аз міндеттемелер алып, “күштердің тепе теңдігін” сақтауға тырысады” [17]. Яғни, Ұлыбританияның да жалпы сыртқы саясаты жағрапиялық негізде құрылған геосаясат тұрғысынан қаралған. Сондықтан да, өзінің саяси мақсатына жету барысында Ұлыбритания француз-герман қатынасын тиімді пайдалануды көздеген болатын. ХХ ғасыр басындағы осы ағылшын-француз жақындастығы халықаралық қатынастар тарихында “Антанта” (“келісім”) деген атпен белгілі.

      Бұл Одаққа қосылған Ресейдің де Германияға қарсы соғыстағы рөлі ерекше, тек оның жағрапиялық орналасуына ғана тоқталатын болсақ, Францияға қарсы топталатын германиялық күшті енді Шығыс бағытына да бөлу қажет еді. Соған қарамастан, Германияның қолына қару алып Францияға ұмтылғандығы соншалықты, 1914 жылдың тамыз айының аяғында, яғни, соғыстың басталғанына бір ай да болмай жатып, герман әскері Париж қақпасының алдында тұрды. Тек соғыс барысында Антанта мемлекеттерінің басымдылығы Германия мен оның одақтастарының күшінен артық екендігін айқындатты. 1914 ж. күзінде неміс канцлері Бетман-Гольвет соғыс мақсатын “герман империясының батысы мен шығысындағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажет, сол себепті де


Скачать книгу