Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар). Амангелді Әліпбаев

Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар) - Амангелді Әліпбаев


Скачать книгу
ХІІ ғасырда Верден Метц, Туль сияқты қалалық республика күйін кешкен болатын. Ал Вестфаль келісім шарты бұл үш епископтықты Францияға қосылғандығын бекітеді. 18-ші ғасырдан бастап Верден қаласы Францияның шығысындағы алғы шеп қызметін атқарады. 1793 жылғы Верден қаласын германдықтар тізе бүктірсе, 1870 жылы Верден қайтадан немістердің басып алуына тап болды. Енді бірінші дүниежүзілік соғыс барысында Раймонд Пуанкаренің сөзімен айтқанда “империялық Германияның соңғы үміттері Верден қабырғасына соғылып, быт-шыт болды… Германдық арманның күлі көкке ұшты” [19, с.406]. Шын мәнінде де, германдықтар үшін Верденді алу, француздардың рухын таба қылып, неміс шартын қабылдатуға жағдай туғызар еді. Тек тарих бұл мәселені керісінше шешті. Өзінің одақтастарымен қосыла отырып, Франция германдықтарды өз аумағынан қуып қана қоймай одан зорғыға мүдделі еді. Сондықтан да, Германиядағы Рейн өзенінің сол жақ жағалауын, тіпті ыңғайы келіп жатса, оң жақ жағалауынан да бөліп алып, герман өнеркәсібін француз капиталы үшін жұмыс жасату қажет деп санады. Яғни, екі мемлекеттің бір мәмлеге келіп, жақындасудан гөрі, екі елдің маңдайына бір-бірімен арпалысып өту жазғандай.

      Ал шын мәнінде, мемлекетаралық қатынас көп жағдайда сол елдердің билік басындағыларының түсінігіне орай ұстаған саясатының жемісі еді. 1915 жылы 5 тамызда Францияның премьер-министрі Раймонд Пуанкаре: “Республика тек Еуропаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, еркін өмір сүруді сезінетін, еліміздің тұтастығын сақтайтын, қиралған дүниенің төлемін қайтаратын, герман басқыншылығының қайталанбауын қамтамасыз ете алатын бітім шартқа ғана келіседі“, – деп мәлімдеген болатын [19, с.12].

      Бірінші дүниежүзілік соғыс тоқталғаннан кейін, жеңген мемлекеттер қатарында болған Француз үкіметі 1919 жылы 18 қаңтарында басталған Париж мәслихатында осындай талаптармен келген болатын. Бұл халықаралық мәслихаттың басты мақсаты Антанта елдерінің жеңілген Германия, Австрия, Болғария, Венгрия және Түркиямен бейбіт бітім шартын дайындау екені белгілі. Мәслихат жұмысы барысында француз үкіметі өзінің Еуропадағы ықпалын күшейтуді қамтамасыз ету мақсатында, қалай да болғанда Германияны жеңген мемлекеттерге, әсіресе Францияға басыбайлы қылуды көздейді. Әрине, халықаралық қатынастар заңдылығы бойынша мемлекеттер арасындағы қатынаста соғыс кезінде әріптесің болғанымен, соғыстан кейін ешқандай мемлекет одақтасының күшейіп кетуін қаламайтыны айқын. Сол ретте, Германияның басым экономикалық байлығын өзіне қаратқысы келген Францияның Еуропадағы ықпалының артуын бұрынғы одақтасы Англия мен АҚШ-та қолдай қоймады.

      Сонымен, Германия мен Антанта арасындағы бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын белгілейтін бейбіт бітім жөніндегі Версаль келісім шартына 1919 жылы 28 маусымда Үлкен Версаль сарайының Айналы залында қол қойылады. Жалпы француз-герман қатынасында бұл Айналы зал ерекше орын алады, өйткені осы залда 1871 жылы Бисмарк Герман империясының құрылғандығын жариялап, француздарды


Скачать книгу