Экономикалық ілімдер тарихы. Коллектив авторов

Экономикалық ілімдер тарихы - Коллектив авторов


Скачать книгу
арифметика» (1676 ж.), «Ақша туралы әртүрлі ойлар» (1682 ж.) еңбектерінің авторы. У. Петти физика докторы және анатомия профессоры, сонымен қатар, алғашқы кәсіпқой экономист болған.

      Оның алғашқы еңбектері негізінен меркантилистік экономикалық саясатқа, активті сауда балансы идеясына арналған. У. Петти байлықты меркантилистік көзқараста сипаттады, ол «Сауданың ең басты және соңғы нәтижесі жалпы байлық емес, ол әрқашан және барлық жерде байлықтың көзі болып есептелетін, басқа заттар сияқты күймейтін және бағасы көп өзгермейтін алтын, күміс және бағалы тастарды арнайы молшылықта ұстау… Сол себептен, елде осы құндылықтардың жинақталуы және елде алтын, күміс және бағалы тастарды жинақтауға әкелетін саясат анағұрлым тиімді болып табылады» деп санады. Сонымен бірге, ақша бір орында тұрмай, өндірістің дамуына әсер етуі керек. Кейде Петти байлықтың қатарына тек ақшаны ғана емес, жер, темір, орман, бидайды да енгізеді. Оның есептеуі бойынша, Англиядағы ақша мөлшері елдегі байлықтың 3 %-нан аспайды.

      Экономикалық үдерістерді зерттегенде У. Петти құбылыстарды сипаттаудан олардың мәнін талдауға және экономикалық құбылыстардың терең тәуелділігін анықтауға тырысқан, бұл абстрактілі әдістің қалыптасуына негіз болды. У. Петти еңбек құн теориясының негізін салушылардың бірі болып табылады, атақты: «Еңбек – байлықтың әкесі және ең пәрменді қағидасы, ал жер – оның анасы»7 деген ұлы сөздердің авторы. Бұл ережені түсіндіруге оның «табиғи баға» ілімі арналған, «табиғи баға» деп ол тауарды өндіруге кеткен уақытпен анықталатын бағаны түсінеді. «Барлық заттарды бағалауды екі үлкен табиғи белгіге – жер мен еңбекке әкелуге болар еді; яғни: бізге кеменің немесе сүртіктің құны осындай да осындай жердің мөлшеріне, осындай да осындай еңбектің мөлшеріне тең деп айтуға болар еді, өйткені оның екеуі де – кеме де, сүртік те жер және адам еңбегімен өндірілген»8.

      У. Петтидің көптеген еңбектері жермен байланысты мәселелерге арналған, себебі жер сол кездегі еңбектің негізгі нысаны болған. Жер еңбектің өнімі болмағандықтан, ол ерекше тауар болып табылады. Жерді сату немесе сатып алу кезінде жерден пайда табу құқығы да сатылады немесе сатып алынады. Жерден алынған табыс жер рентасы болып табылады, У. Петти оны жұмысшының жалақысына, дән сатып алуға кеткен шығынды есептегеннен қалған қалдық деп есептеген. Осылайша жердің бағасы жиырма бір жыл ішіндегі бір жылдық рентаны құраған.

      Петти пайызды қарастырғанда, келесідей шешімге келеді, пайыздық төлемдер ақшаның иесі өзінің қаражатын қолдана алмауымен байланысты туындаған қолайсыздықтардың өтемі болып табылады. Пайыз мөлшерлемесінің көлемін автор табыстың негізгі нысаны ретінде рентамен анықтайды. Қолдағы бар қаражатқа жер телімін сатып алып, одан жер рентасын алуға болады, сол себептен пайыз мөлшерлемесі рентадан төмен болмауы тиіс.

      У. Петти өзінің еңбектерінде сандық талдау қажеттігін дәлелдейді, ол экономикалық құбылыстарды «сандар, салмақтар және өлшемдер тілімен» түсіндіруді


Скачать книгу

<p>7</p>

Петти У. Трактат о налогах и сборах // Антология экономической классики в 2-х томах. Т.І. – М., 1993. – С. 54.

<p>8</p>

Петти У. Трактат о налогах и сборах // Антология экономической классики в 2-х томах. Т.І. – М., 1993. – С. 33.