Экономикалық ілімдер тарихы. Коллектив авторов

Экономикалық ілімдер тарихы - Коллектив авторов


Скачать книгу
өмірге мемлекеттің қатысуымен;

      Е. барлық жауаптар дұрыс.

      4. Вавилондық патшалықтың маңызды тарихи ескерткіші болып есептеледі:

      A. Артхашастра;

      B. Ману заңдары;

      C. Гуань Цзы;

      D. Хаммурапи патшаның заңдары;

      Е. Көне Өсиет.

      5. Аристотель іліміндегі хрематистика дегеніміз:

      A. игіліктерді үй мен мемлекет үшін сатып алуға бағытталған шаруашылықтың түрі;

      B. баюға бағытталған сауда-қарыз беру капиталы қызметі;

      С. материалдық игіліктерді құру процесі;

      D. құн субстанциясы;

      Е. жаңа теңдік нысаны.

      6. Ежелгі грек философтары Ксенофонт, Платон, Аристотель құлдықты санаған:

      A. табиғи және өзгермейтін жағдай;

      B. уақытша құбылыс;

      C. адамдар арасындағы келісімдер нәтижесі;

      D. тосын жағдай;

      Е. грек қоғамының ерекшелігі.

      7. Орта ғасырлық экономикалық ой-пікірлердің айрықша сипаты:

      A. материализм;

      B. діни емес сипатта;

      C. математикалық аппаратты пайдалану;

      D. айқын көрінген құдайшылық сипат;

      Е. кескіндемелік әдісті қолдану.

      8. Ерте ортағасырлық экономикалық ой-пікірлердің сипаттық белгісі:

      A. ірі сауданы қолдау;

      B. қарызға беру операцияларын дамытуды қолдау;

      C. сауда табысы мен пайыздың өсімін сынау;

      D. құлдықты қолдау;

      Е. дене еңбегіне теріс көзқарас.

      9. Құранда қандай ережелер көрініс тапты?

      A. сараңдық пен қомағайлықты кінәлау;

      B. ысырапшылдықты сынау;

      C. ақшаны пайызға беруге тыйым салынады;

      D. еңбекті жоғары бағалау;

      Е. барлық жауаптар дұрыс.

      10. Ибн Халдунның негізгі жетістігі:

      A. қалалар мәнін зерттеу;

      B. қоғамның «жабайылықтан» «өркениетке» даму эволюциясын сипаттау;

      C. ақшаны талдау;

      D. жалақының сипаттамасы;

      Е. сауда операцияларын қарау.

      11. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты еңбектің авторы:

      A. Әл-Фараби;

      B. Ибн-Сина;

      C. Бируни;

      D. Ж. Баласағұн;

      Е. Ибн-Халдун.

      12. Қайсысы бірінші болып: түрік тілінде әлеуметтік экономикалық ойларды қарастырды?

      A. Ибн-Сина;

      B. Әл-Фараби;

      C. Бируни;

      D. Ж. Баласағұн;

      Е. М. Қашқари.

      МЕРКАНТИЛИЗМ: ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУ САТЫЛАРЫ

      ХVІ-ХVІІ ғғ. экономика ғылымының тарихында ерекше роль атқарды. Осы кезеңде ұлттық мемлекеттердің қалыптасуы орын алды; натуралды шаруашылықты нарықтық қарым-қатынастар ығыстырады; ұлы географиялық жаңалықтардан кейін нарықтың ұлғаюы жүрді; капиталдың жинақталуы жүзеге асты; өсімқорлық және көпестік капитал тез дами бастады. Ғылыми зерттеулердің сипаты да өзгерістерге ұшырайды: олар барынша зайырлы кейіпке ие болып, прагматикалық мақсаттарды қоя бастады. Экономика ғылымында бұл шаруашылық іс-әрекеттің басты мәселелері (ұлттық байлық, оны көбейтудің жолдары) талқыланған еңбектердің пайда болуынан көрінді. Қарастырылып отырған кезеңде


Скачать книгу