Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова

Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы - А. Турлыбекова


Скачать книгу
бағалы қағаздар айналымын тоқтата тұру ерекшеліктері қандай?

      10. Акциялар шығарылымын жою ерекшеліктерін атаңыз.

      2-Тапсырма. Термин – анықтама

      Сол жақ бағандағы терминді оң жақ бағандағы анықтамамен сәйкестендіріңіз.

      3-ТАРАУ

      БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

      3.1 Бағалы қағаз нарығының мәні және атқаратын қызметтері

      Бағалы қағаздар нарығының мәні – нарық қатысушыларының бағалы қағаздарды шығаруымен және бағалы қағаздардың айналымымен байланысты экономикалық қатынастарының жиынтығы.

      Осы тұрғыдан бағалы қағаздар нарығының мәні кез келген басқа тауар нарығының анықтамасынан өзгешеленбейді.

      Тауар шаруашылығы тұрғысынан алғанда бағалы қағаздар нарығы бір жағынан кез келген тауар нарығына ұқсас, яғни бағалы қағаз нарығының құралдары – тауар тұрғысынан қарастырылады, ал екінші жағынан тауар мен бағалы қағаздың арасында өзіндік айырмашылық бар. Бағалы қағаздар нарығы мен материалдық игілік түріндегі тауар нарығының арасыдағы айырмашылықтарға мыналар жатады:

      Біріншіден, екі нарықтың объектісінде және көлемінде, яғни бағалы қағаздар нарығының объектісі – бағалы қағаз, тауар нарығының объектісі – материалды тауар болып табылады. Материалдық игілік нарығының көлеміне қарағанда бағалы қағаз нарығының көлемінің ауқымы кең.

      Екіншіден, нарықтың қалыптасу тәсілінде. Тауар еңбек үдерісінде өндірілсе, бағалы қағаз айналым үдерісінде шығарылады.

      Үшіншіден, айналым үдерісінде. Материалдық тауарды өндіру мақсаты – жеке тұтыну болып табылады. Айналым үдерісінің қажеттілігі тауарды өндірушіден тұтынушыға жеткізу болып табылады. Тауар айналымының кезеңділігі шектеулі. Бағалы қағаз айналым процесінде ғана өмір сүреді. Ал бағалы қағаз айналымының жылдамдылығы – бұл оның «сапасын» айқындайтын негізгі көрсеткіш. Бағалы қағаз үшін айналым үдерісінің тоқтатылуы бағалы қағаздың айналым кезеңінің аяқталуын білдіреді.

      Төртіншіден, екі нарықтың қызмет ету ерекшелігінде. Материалдық тауар өндірісі – адамзаттың өмір сүруінің негізі. Материалдық тауар нарығы бағалы қағаздар нарығына қарағанда адамның өмір сүруі үшін бірінші кезекті қажеттілігін қанағаттандырумен байланысты болып келеді. Бағалы қағаздар нарығы мен ақша нарығы өзіндік объектілерімен ерекшеленеді. Бірақ бұл нарықтың айналым процесінің мәнділігі мен қалыптасу тәсілдері ұқсас болғандықтан, бағалы қағаз төлем-есеп айырысу қызметін атқаруы мүмкін.

      Қазақстандағы Бағалы қағаздар нарығының жіктелуі бағалы қағаздың нақты түрлерімен байланысты болып келеді. Бағалы қағаз нарығының мынадай түрлері бар:

      1. копоративті бағалы қағаздар нарығы:

      • акция нарығы;

      • облигация нарығы.

      2. мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы (эмитенттері мыналар болып табылады: Ұлттық банк, Қаржы Министрлігі, муниципалитет);

      3. туынды бағалы қағаздар нарығы, яғни бағалы қағаздар


Скачать книгу