Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова
туралы есепті бекітуден бас тартуға құқылы.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекітуден бас тартқан жағдайда эмитент бас тартуды алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға пысықталған есепті қайта табыс етуге міндетті.
Уәкілетті орган мынадай жағдайларда бағалы қағаздарды ораналастыруды тоқтата тұруға шешім қабылдауға құқылы:
1. эмитент эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті табыс етпеген жағдайда;
2. эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті қарау процесінде есепте көрсетілген мәліметтердің эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу үшін табыс етілген құжаттарға сәйкес еместігі анықталған;
3. эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару, орналастыру және өтеу шарттары бұзылған жағдайда;
4. сыйақы төлеу немесе бұрын шығарылған облигацияларды өтеу жөніндегі міндеттемелерді уақтылы орындамау немесе орындамау фактілері болған жағдайларда эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға құқылы.
Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті орган эмитентке, сол бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімі жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушіге және орталық депозитарийге жібереді.
Тіркеуші және орталық депозитарий уәкілетті органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешімін алған кезден бастап осы бағалы қағаздарды орналастыру жөніндегі мәмілелерді тіркеуді тоқтата тұруға міндетті.
Эмитент уәкілетті органның эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы шешімін алған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілде және орыс тілінде эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды тоқтата тұру туралы хабарлама жариялауға және анықталған бұзушылықтарды уәкілетті орган белгілеген мерзімде жоюға жәрдемдесетін барлық іс-әрекетті қолдануға міндетті. Эмиссиялық бағалы қағаздарды орналастыруды қайта жаңарту, анықталған бұзушылықтар жойылғаннан кейін, уәкілетті органның жазбаша хабарламасы негізінде жүзеге асырылады.
2.4 Эмиссиялық бағалы қағаздар айналымы
Эмиссиялық бағалы қағаздардың қайталама бағалы қағаздар нарығындағы айналымы бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің ұйымдастырылған немесе ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында осы бағалы қағаздармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуы арқылы жүзеге асырылады.
Уәкілетті орган:
1. инвесторлардың эмиссиялық бағалы қағаздарды сатып алуы процесінде олардың құқықтары мен мүдделерін;
2. эмиссиялық бағалы қағаздармен мәмілелер жасасудың талаптары мен тәртібін белгілейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінде көзделген талаптар бұзылған жағдайда, бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізімдері жүйесінде және (немесе) бағалы қағаздарды