Бағалы қағаздар нарығының теориясы мен практикасы. А. Турлыбекова
таратылуына байланысты, сот шешімі негізінде қабылдайды.
Эмитент акциялар шығарылымын жою үшін, уәкілетті органға:
1. жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану немесе эмитентті мәжбүрлеп тарату (қайта ұйымдастыру) туралы сот шешімінің көшірмесін немесе акционерлік қоғамның қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты жарияланған акциялар шығарылымын жою туралы акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысы хаттамасының көшірмесін;
2. жарияланған акциялар шығаруды мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті, жарияланған акциялар шығару проспектісін, акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді және уәкілетті органның акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есептерді бекіту туралы хабарламасын табыс етеді.
Сот немесе атқарушы іс жүргізу органдары жарияланған акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді жарамсыз деп тану немесе мәжбүрлеп тарату туралы заңды күшіне енген сот шешімін тапсырған жағдайда уәкілетті орган акциялар шығарылымын жою туралы шешім қабылдайды және бұл жөнінде эмитентті хабардар етеді.
Шығарылымына қатысты уәкілетті орган жою туралы шешім қабылдаған акциялармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасуға тыйым салынады.
Эмитент уәкілетті органның акциялар шығарылымын жою туралы хабарламасын алған кезден бастап күнтізбелік жеті күн ішінде бұл туралы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпарат жариялауға міндетті.
Уәкілетті орган акциялар шығарылымын жою туралы шешімді эмитентке, тіркеушіге және орталық депозитарийге жібереді.
Жарияланған акциялар шығарылымының жойылуына байланысты эмитенттің бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерін тіркеуді тоқтату тәртібі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленеді.
Облигациялар шығарылымын жою туралы шешімді уәкілетті орган облигациялар шығарылымын жою туралы шешім қабылдаған эмитент органының шешімі негізінде осы шығарылымның бір де бір облигациясы орналастырылмаған жағдайда қабылдайды.
Қайталама бағалы қағаздар нарығындағы эмиссиялық бағалы қағаздар айналымы кезеңінде эмитент Қазақстан Республикасының заңдарында және эмиссиялық бағалы қағаздар шығару проспектісінде белгіленген бағалы қағаздар бойынша кіріс төлеу тәртібін сақтауға міндетті.
Облигациялар бойынша кіріс және облигациялардың нақты құны оларды өтеу кезінде осы төлемдер жүзеге асырылатын кезеңнің соңғы күнінің басындағы жағдай бойынша оларды алуға құқығы бар тұлғаларға төленеді.
Эмиссиялық бағалы қағаздар және облигациялардың нақты құны бойынша кіріс төлеуді оларды өтеу кезінде эмитент дербес немесе төлем агенті көрсететін қызметті пайдалана отырып жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша кірісті және мемлекеттік емес облигацияларды өтеу кезінде олардың нақты құнын төлеуді