Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық. Т. Омарбеков

Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық - Т. Омарбеков


Скачать книгу
href="https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D1%96%D0%BA%D1%96%D1%80">пікірі бойынша, австралопитектер енеді. Кейбір ғалымдар архантроптардан бастап гоминидтер тұқымдасын тек адамдармен ғана шектейді. Олар тұқымдастардық қолдаушылар деңгейін кеңейтіп 2 тұқымдас тармағын еңгізеді: австралопитекпен адамның 1 туысы мен тік жүретін адамның 2 түрі мен есті адамды. Тұқымдастардың шығу проблемасының бірі, ол жалпы ататектен сұрақтың гомин мен дион дивергенциялану уақыты және понгид бұтақтарының эволюциясы.

      Презинджантроп – Еңбекке бейімі бар, адам тақылеттес ең әуелгі тіршілік иесі ғылымда осындай атпен белгілі. Оның сүйектерінің қалдықтары шығыс Африкадан табылған. Ғылымда «Homo habilis» («шебер адам») деп аталып кеткен ол осыдан 1 миллион 750 мың жыл бұрын өмір сүрген. Оның миының аумағы 652 см/3, яғни ертедегі маймылдың миынан әжептәуір көлемді де салмақты болған. «Шебер адамның» еңбек құралы малта тастың сындырылған түрлерінің қырлары пышақ сияқты өткір болып, кесу үшін пайдаланылған.

      «Homo erectus» («түрегелген немесе бойын жазған адам») - адамзаттың дамуындағы тас дәуірінің орта және соңғы кезеңдеріне сәйкес келеді. Ол питекантроп (маймыл-адам) және синантроп (адам) болып екіге бөлінеді. Оның алғашқысы мен соңғысының араларында дамудың, жетілудің оң өзгерістері болғанын, сонымен бірге олардың дамуына сабақтастық барын байқатады.

      Бірінші питекантроп 1891 жылы Ява аралында табылды. Питекантроп бұдан бір миллиондай жыл бұрын өмір сүрген. Ол «Homo habilis» – пен салыстырғанда елеулі эволюциялық өзгерістерге ұшырған. Ми көлемі үлкейіп, 959 см/3 бас сүйегі мен жақ сүйектері кішірейген, аяқ пен қолдың пропорциясы өзгерген.[4]

      Синантроп – «Homo erectus» – тің екінші бір түрі. Синантроп 1927 жылы Чжоу-коу-дян үңгірінен табылды. Одан синантроптың сүйектерімен бірге әр түрлі формадағы тас құралдар, ошақта көп жатқан тастар және төменгі антропоген (геологиялық жер қыртысы) тарихындағы ширектік дәуір фаунасы жануарларының көп сүйектері табылған. Бұдан синантроптар сол кездің өзінде-ақ от жағуды білген деген қорытынды жасауға болады. Бұл кезде піскен етті, өсімдікті тамақ ету адамның дамуына, әрине, өзінің игі әсерін тигізбей қойған жоқ.

      «Homo sapienske» («ақылды адам») – б.з.б. 300 мың жыл бұрын «Homo erectus» қазіргі кезеңдегі адам түріне, немесе «Homo sapienske» («ақылды адам») айналды. «Ақылды адамның» қалдықтары Еуропада, соның ішінде Германиядағы Неандерталь жотасында табылған. Сондықтан ол тарихта неандерталь адамы деген атпен белгілі.

      Палеолит – (палео… және грек. lіthos – тас) – ежелгі тас дәуірі. Қазбадан табылған ежелгі адамдардың, сондай-ақ қазбадан табылған, бірақ қазіргі уақытта құрып кеткен жануарлар дүниесінің өмір сүрген дәуірі. Ол алғашқы екі үлкен дәуірдегі төртінші геологиялық кезеңге – эоплейстоцен мен плейстоценге сай келеді. Палеолит дәуірінің басталуы (2 млн-нан астам жыл бұрын) жерде адам тәріздес маймылдар


Скачать книгу