Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық. Т. Омарбеков

Ежелгі Қазақстан тарихы пәні бойынша семинар сабақтарына арналған оқуәдістемелік нұсқаулық - Т. Омарбеков


Скачать книгу
Қазақстанды мекендеген тайпалар мәдениеті. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 1,5 км жердегі Ботай қоныстарына байланысты аталған. Қазба жұмыстарын жүргізген Солтүстік Қазақстан университетінің археологиялық экспедициясы (1981 – 83, жетекшісі В.Ф. Зайберт) 15 га жерді алып жатқан қоныстан 158 үйдің орны қазылып аршылды. Олар қабырғалары бір-біріне жалғастырып салынған бірнеше тұйықталған бөліктерден тұрады. Кейбіреулерінде 30-ға тарта үйлер болған. Шаруашылық құралдары түрлі тастардан, балшықтан және сүйектерден жасалынған. Ботай мәдениетін жасаған тайпалар жылқыны қолға үйреткен. Тастан жасалған пышақ, қанжар жебенің, найзаның ұштарының көптеп табылуы қоғам өмірінде аңшылықтың рөлін айқын көрсетеді. Сонымен қатар гарпун, ине, жуалдыз, тескіштер, тұмар және әшекей бұйымдардың кездесуі шаруашылықтың әр саласынан хабар береді. Ботай мәдениетінің қалыптасуына Атбасар неолиттік мәдениетін жасаған тайпалары араласқан. Ботай мәдениеті Жайық пен Ертіс өзендерінің аралығын қоныстанған тайпалар мәдениетіне жатады

      Маханжар мәдениеті - неолит заманындағы ескерткіштердің жиынтық атауы. Торғай иінін қамтиды. 1970 – 90 ж. аралығында Қостанай және Торғай ар-хеол. экспед. (жетек В.Н. Логвин) зерттеу жұмыстарының барысында ашылды. Негізгі мәліметтер Маханжар, Соленое Озеро-2, Екідің-24 қоныстары бойынша алынған. М. м-не жататын ескерткіштер саны 16, олардың 13-нде (Алқау-2, Амангелді, Бестамақ, Түрлі-2, Дүзбай-1-3, Екідің-24, Қарамырза-6, Надеждинка-2, Саз-2, Соленое озеро-2, Сұлукөл-1) қазба жұмыстары жүргізілген. Ескерткіштердің көпшілігі өзен жағалауларында орналасқан. Құрылыс іздері сақталмаған. Тек Дүзбай-1-ден тік бұрышты тұрғын үй орнының бір бөлігі ғана анықталған. М. м-не жататын ыдыстар жұқа, ұзынша етіп жасалынған. Ыдыс сыртына өрнектер тарақ сияқты өткір затпен тігінен не көлденеңінен толқын тәріздес етіп түсірілген. Тас құралдары сұр түсті кварцит кварцитті құмтастардан дайындалған. Сүмбі (конус), кеспел (призма) тәрізді өзектастар басқаларына қарағанда басымырақ. Құралдары екінші рет өңдеу, егеу арқылы жетілдірілген. Екідің-24-тен 3 балта, Соленое озеро-2-ден ұршықтың тастан жасалған басы табылған. Олардан басқа тас тіліктері, үшкіртастар, бүйірлі кескіштер, қырғыштар, дәнүккіштер шапқы құралдар, сүйектен жасалған бұйымдар аршып алынған. М.м. тұсындағы адамдар құлан, бөкен, жылқы, т.б. түз аңдарын аулаған. Сондай-ақ қоныстардан (Бестамақ, Екідің-24) балық сүйектерінің табылуы ежелгі маханжарлықтардың балық аулаумен күнелткенін айғақтайды. Мамандар табылған еңбек құралдары мен басқа да материалдарға қарап, мұнда адамдары б.з.б. 7 – 6-мыңжылдықтар мен б.з.б. 4-мыңжылдықтар аралығында өмір сүрген деп топшылайды

Ұсынылған әдебиеттер бойынша жол көрсеткіш

      Әдебиеттер:

      1 Қазақстан тарихы көне замандардан бүгінгі күнге дейін. 5-томдық. – Т.1. – Алматы, 1996.

      Әдістемелік нұсқау: Жаңа тас дәуірі кезеңіндегі Қазақстан туралы проблемалардың көлемімен, бағыттарымен танысу үшін аталған әдебиеттің 1-бөлімімен (85-100 бб)


Скачать книгу