Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
мысалында, оларды бір-бірімен салыстыра отырып қарастырады16. Осы тұрғыдан алғанда біз наймандардың көне мемлекетінің пайда болу тарихын зерттей отырып, көшпелілердің әлеуметтік-саяси институттары мен салық жүйесі ұқсас болды деген пікірге тірелеміз. Бұл ұқсастық бірінші кезекте мал шаруашылықты экономиканың қызметінің барлық жерде де бірдей болуынан туындайды. В. Трепавлов көшпелі мемлекеттердің барлығының бір-бірімен органикалық байланысы туралы идеяны ортаға тастады. Бұл байланыс, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуда сабақтастықты анықтап, зерттеушілерге тарихтың әр кезеңінде пайда болған көшпелі мемлекеттік құрылымды «номадтардың қоғамдық құрылысының дамуының біртұтас үдерісінің баспалдақтары» немесе дәуірі ретінде қарастыруға мүмкіндік берді17. Біз бұған, көшпелілердегі мемлекетгіліктің қалыптасуы тек бұрынғы көшпелілердің мемлекет құрушы элементтерін қабылдап алып, бекітумен ғана емес көрші отырықшы-жер өңдеуші халықтардың да әсерімен жүзеге асқанын қосар едік.

      Тарихи әдебиетте көшпелілікті табиғаттың маусымдық өзгерістеріне байланысты қалыптасқан, экстенсивті мал шаруашылығына негізделген тұрмыс-тіршілік түрі ретінде сипаттау орын алған. Көшпелілікті зерттеумен ұзақ жылдар бойы айналысқан евроцентристік көзқарастағы кейбір зерттеушілер шаруашылықтың бұл түрін өркениеттен артта қалу, тіптен жабайылық пен тағылық көрінісі ретінде біржақты түсіндіріп келді.

      Мұндай көзқарас бойынша алдыңғы қатарлы өркениетті тек отырықшы халықтар ғана жасай алады. Көшпелілік орын алған Орталық Азия сияқты аймақтарда қоғамдық дамуда тоқырау және тежелу көрініс береді. Зерттеушілер ортасында ұзақ уақыт орын алған осындай субьективті ұстаным көшпеліліктің шығуын және дамуын, сондай-ақ, оның отырықшы-диханшылық аймақтармен етене байланыстарын жан-жақты және толық көрсетуге кедергі жасап келді.

      Шын мәнінде мұндай көзқарас көшпелі өмір сүру формасының өзіндік ерекшеліктерін ашып көрсете алмайды. Өйткені зерттеушілердің еңбектері көшпеліліктің де өзіндік ерекшеліктері бар әр түрлі түрлерін жеке-жеке сипаттап көрсетуде. Олар бойынша, біріншіден, далалық және жартылай шөл далалы аймақтардағы көшпелілердің өмір сүрулерінің өзіндік әдістері бар. Мысалы, сақтардың, сарматтардың, ғұндардың және т.б. шаруашылығы осындай кеңістіктегі өмір сүру формасына жатады. Екіншіден, биік таулы жазықтардағы көшпелі малшылар шаруашылықтары да ерекшіліктерімен назар аудартады. Үшіншіден, Сібірдегі, Тайгадағы бұғы шаруашылығымен және аң аулаумен айналысатын көшпелілер тіршілігі тағы бар. Төртіншіден, Тундра аймағындағы таза бұғы шаруашылығымен айналысушыларды да ескерген жөн. Бұларда табиғи-климаттық жағдайлардан туындаған өзгешеліктер материалдық және рухани тұрғыдан өзіндік өмір сүру ерекшеліктерін қалыптастырды.

      Сонымен бірге көшпеліліктің өзі табиғи-климаттық жағдайға ғана емес, этно-географиялық ахуалдарға байланысты да ерекшеленіп бөлінеді. Мысалы,


Скачать книгу

<p>16</p>

Бартольд В. Сочинения. – М., 1968. – Т. 5; Марков ГЕ. Кочевники Азии: структура хозяйства и об- щественной организации. – М., 1976; Плетнева С.А. Кочевники средневековья. Поиски исторических закономерностей. – М., 1982; Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 1967.

<p>17</p>

Трепавлов В.В. Государственный строй Монгольской империи ХІІІ в. – М., 1993. – 14-15 с.