Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
мен өзгерістер енгізді.

      Қазақстандағы андро нов мәдениеті нің негізгі орындары және кезеңделуі. Андронов мәдени-тарихи қауымдастықтың құрылуы мен қалыптасуы бірнеше жүзжылдықтарға, б.з.б. сонау III мыңжылдықтан бастап II мыңжылдыққа дейін созылды. Қазақстан аумағында андронов мәдениеті б.з.б. ХVI-ХV ғғ. бірегей қауымдастықтың көрсеткіші ретінде қалыптасты. Бұл бірегейлікке Алакөл және Федоров мәдениеттері де кірді. Алакөл мәдениеті Орталық жән Батыс Қазақстанға кең тарады, ал Федоров мәдениеті Шығыс Қазақстан аумағында тарады. Ал енді Орталық Қазақстанда және Жетісуда аталған екі мәдениеттің белгілері бір уақытта тоғысты. Одан әрі қарай осы мәдениетті ұстанған тайпалар Қазақстан территориясынан шығысқа қарай, оңтүстікке таралып, ақырында Иранға дейін қоныс аударды.

      Андронов мәдениеті үш кезеңге бөлінеді: оның алғашқысы – б.з.б. ХVIII-ХVI ғасырлардағы ерте қола кезеңі, екіншісі – б.з.б. ХV-ХII ғасырлардағы орта қола кезеңі, соңғысы – б.з.б. XII ғасырдан басталып VIII ғасырды қамтитын соңғы қола дәуірі.

      Орталық Қазақстанда андронов мәдениетіне жататын 50-ге жуық қоныс пен 150 ірі қорым табылды. Бұлардың өркендеуіндегі ерте кезең – Нұра кезеңі болып есептеледі, себебі бұл мәдениет ошақтары Нұра өзенінің алқабында табылған. Келесі, орта кезең – Атасу мәдениеті деген атпен белгілі.

      Бұл атау Атасу өзенінің алқабында табылған қорымдарды зерттеуден туындады. Соңғы қола дәуірі – Беғазы – Дәндібай мәдениеті – Қарағанды қаласы маңындағы Дәндібай ауылы мен солтүстік Балқаш өңіріндегі Беғазы қойнауындағы қола ескерткіштерінің алғашқы қазылған жерлерінің атауларын білдіреді. Бұған қосымша Солтүстік Қазақстанның Петропавл аумағында да ерте қола дәуірінің ескерткіштері табылғанын айта кету керек. Осы кезеңде кейбір тұрақтар жаңадан пайда бола бастады, олар болашақ қалалардың ізашары ретінде алғашқы бастаулар болды. Соның көрінісі Челябинск пен Қостанай облыстарының шекарасында орналасқан ежелгі Арқайым қалашығы.

      Орта қола кезеңінде үй тұрғызу, тұрғылықты мекендерді ұйымдастыру айрықша өзгерістерге ұшырап едәуір өркендеді. Осындай тұрмыстық кешеннің үлгісі ретінде Батыс Қазақстандағы Тасты-Бұтақтағы мекендерді атап айтуға болады. Мұнда сол уақытқа жататын ондаған қорымдар мен тұрақтардың орындары анықталған. Осындай ескерткіштер Шығыс Қазақстандағы Ертіс, Бұқтырма, Құршыма, Алтай және Тарбағатай бойынан да табылды. Қаратау ауданында Таутары қорымы да осылардың қатарына жатады. Сырдарияның төменгі ағысы мен Арал маңында өте сирек кездесетін қола дәуірінің ескерткіші – Тегіскен кесенесі ашылған.

      Андроновтықтар аспанға, күнге, қасиетті отқа табынып, о дүниеде өмір жалғасатынына сенген. Сонымен қатар, оларда ата-бабалары рухына сыйыну, оларды еске алу дәстүрі болды. Осыған байланысты олар құрбандық шалу ғұрпын өткізіп, арнайы орындарда «жылқыны» құрбандыққа шалатын. Тұрақтарды зерттеу барысында аңғарылатыны – оларда діни ұғымдар мен көзқарастар


Скачать книгу