Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов
шаруашылығы өмірге келе бастады. Ол байырғы анайы термешілік пен аңшылықты біртіндеп ығыстырып шығарды. Алғашқы адамның осылайша тұтынушылық шаруашылықтан өндіруші шаруашылыққа ауыстыруы неолит төңкерісі деген атпен ғылымға енді. Тіршіліктің жаңа сатысының қалыптасу барысында енді адамдарда жаңа құрал-саймандар – астық жаныштауыштар, балталар, шоттар пайда болды. Еңбектенген, ізденімпаз адам балшықты және керамиканы өңдейтін болып алды. Алғашқы қауымнан адам баласы осылайша матриархалды-рулық құрылысқа біржолата өтті. Алғашқы адамның табиғи ортасы диқаншылыққа және мал шаруашылығына қолайлы Қазақстан аймағына біртіндеп қоныстануы көп кешікпей-ақ оның барлық аймақтарын меңгеруге алып келді. Мұны Қазақстан жеріндегі осы кезеңнің алғашқы адамдар тұрған ескерткіштері айқын көрсетіп отыр11.
Қараүңгір қуысы. Сурет авторы Ж.К. Таймағамбетов
Неолит кезеңінде ұжымдық еңбек ету мен өндіріс құралдарын ортақ меншік ретінде пайдалану тән болған алғашқы жаңа қоғамдық құрылым пайда болды. Мұндай жаңа қауымдастықта тайпалардың өзіне тән өмір сүру аумағы, өзіндік атауы, сөйлеу диалектісі және басқа да ерекшеліктері көрініс берді. Әлеуметтік қатынаста неолит дәуірі рулық қауымдастық кезеңі болды. Сонымен қатар, бұл кезең қоғамдасып еңбек етудің жоғары деңгейде дамыған түрі болды: онда топтасқан тайпалар мен тайпалық бірлестіктердің құрылуы жедел жүрді. Тайпалар бірнеше рулық қауымдастықтан құралды, олар қандық-туысқандық байланыстар мен айналысатын шаруашылық түрінің сипатына байланысты бірікті.
Неолит дәуірінде адамзат алғаш рет «керамиканы» жасанды материалдардан дайындауды үйренді. Жоғарыда атап кеткеніміздей, «неолиттік төңкеріс» шаруашылықтың өндіруші формасының пайда болуымен сипатталады. Солтүстік Қазақстанда жүргізілген археологиялық зерттеулердің нәтижесі көрсеткендей, неолит дәуіріндегі адамдардың Қазақстан аумағында, жабайы жылқыларды қолға үйретумен шұғылданғандығы белгілі. Бұл шаруа кейіннен кеңінен дамып, өркендей берді. Мысалы, энеолиттік тұрақтарда көптеген жылқылардың сүйегі табылған.
Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіштер табылған. Неолиттік ескерткіштер табылған жерінің сипатына қарай 4 типке бөлінеді: олар бұлақты, өзенді, көлді сонымен қатар үңгірлі түрде болып келеді. Әдетте, өзенді және көлді аймақтардағы тұрақтардан көптеген заттар табылған және бұл мәліметтер адамдардың осында айтарлықтай ұзақ уақыт бойы өмір сүргендерін байқатып отыр. Мұндай мекендердің негізгі бұйымдары пышаққа ұқсайтын қалақтар немесе сол қалақтардан жасалған заттар болып келеді. Қазақстанның шөлді-далалы жерлеріндегі неолиттік ескерткіштердің негізгі ерекшеліктерінің бірі, олардың көпшілігі айналасы ашық үлгідегі тұрақтар болды.
Археолог Х.А. Алпысбаев 1959 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Қараүңгір қуысындағы неолиттік тұрақта жүргізген қазба жұмыстарының нәтижесінде үңгірді мекендеушілердің түрлі тас құралдарын тауып, оларды топтамаларға жіктеді. Ондағы
11
Қадырбаев М.К., Құрманқұлов Ж.К. Культура древних скотоводов и металлургов Сары Арки. – Ал- маты, 1992. История Казахстана (с древнейших времен до наших дней): В 5-х т. – Алматы, 1996. – Т. 1.