Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
Көктің ұлы бұған мейлінше риза болды»27. Мұндағы «Көктің ұлы» – Қытай императоры екендігін оқырман түсініп отырған болар деген ойдамыз. Бұл айтылғандардан байқайтынымыз, Дай елі бұл тұста шағын елдер қатарында болған және солай бола тұрса да басқалармен бірге Қытай императорына елшілер аттандырған. Әрине, қытай жылнамашыларының «қол тапсыруға жіберді» дегендерін бас июге немесе бағынышты болуға жіберді деген мағынада түсіну қате болар еді. Қытайлықтар кейде өздерінің жылнамаларында өткен тарихтарын көтермелей келе, басқаларды төмендетіп, тіптен қорлап отырғандарын да «байқамай» қалады. Бұл жерде әңгіменің ауанынан қарым-қатынасты жолға қою туралы болып отырғаны айқын көрініп тұр емес пе?

      Ия, ежелгі қытай жазбаларынан байқайтынымыз – қазіргі қазақ адайлары орналасқан аймаққа жақын төңіректе ежелгі дәуірде Дай деген тайпаның өмір сүргені ақиқат нәрсе. Егер мәселені осылай қабылдайтын болсақ, онда жоғарыда айтылған қытай жылнамасындағы «Дай шағын мемлекет» деген қорытынды да рас болып шығады. Біздің бұл пікірімізді дахтардың/дайлардың басқаларға ылғи да тәуелді халге түсуге мәжбүр болғаны дәлелдей түсетіндей. Өте жауынгер, өжет бола тұрса да, бұл тайпалар саны аз, мемлекеті әлжуаз болғандықтан, көршілерінің шылауына ілесіп, айдауына жүруге мәжбүр болған болса керек. Осы мәселені тәптіштеп зерттеп жүрген қазақ ғалымдарының зерттеулерінің арасында С.Е. Әжіғалидың ізденістері ерекше назар аудартады. Ол «дай» этнонимінің шығуына байланысты нақты зерттеулер жүргізген еді. Оның айтуынша, Шығыс Каспий жағалауының өңірінде б.з.б. І м.ж. екінші жартысында ежелгі дайлар (дахтар) өмір сүргенін парсы және антикалық деректер атап көрсетеді. Оны зерттеген кейбір зерттеушілер массагет конфедерациясының құрамында ахеменидтерге қарсы күресте осы тайпаның күрес жүргізгенін жазып кеткен болатын. Шындығында да бұл айтылған пікірлер С.П. Толстовтың зерттеулерінде біршама нақтыланған. Алайда кейбір тарихшылар массагеттерді және дахтарды екі түрлі халық деп санайтынын және соңғыларының өздерінен бұрынғыларды б.з. 4 ғасырына дейін Маңғышлақтан, Үстірттен және оңтүстік Арал жағалауынан ығыстырып шығарғанын жазып жүр. Бұл туралы зерттеуші И.В. Пьянковтың нақты ізденістер жасағанын жоғарыда атап көрсетілген С.Е. Әжіғалидың еңбегінен білуге болады28. Қолда бар деректерді талдағанда байқайтынымыз, дахтардың/дайлардың нақты қай жерде шоғырланғанын анықтау өте күрделі, өйткені олардың қоныстанған жерлері туралы мәліметтер айтарлықтай қарамақайшы. С.П. Толстовтың тарихи карталарынан олардың шығыстан батысқа қоныс аудару үдерістерін бастан өткергенін аңғарғандай боламыз29.

      Геродоттың айтуынша, Дайлар парсылардың құрамында өмір сүрген көшпелілер болып табылады. Ал Ксеркстің жазбаларында (б.з.б. 486-464 жж.) олар туралы ахеменидтерге бағынышты халық ретінде айтады. С.Е. Әжіғали осы мәселеге байланысты зерттеушілердің көзқарастарына нақты талдаулар жасаған. Ол кейбір зерттеушілердің дахтардың/дайлардың


Скачать книгу

<p>27</p>

Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері (б.з.б. 177-б.з. 222 жылдары). Бірінші кітап. – Алматы, 2006. – 53 б.

<p>28</p>

Ажигали С.Е. Очерк этнической истории аридной зоны Арало-Каспий (в свете проблем этногенеза) // История и культура Арало-Каспия. Сборник статей. – Вып. 1. – Алматы, 2001. – 14 с.

<p>29</p>

Толстов С. П. По следам древнехорезмийской цивилизации. – М. – Л., 1948. – 102-142 с.