Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
болады. Мұндайда, өздері жат жерден, шығыс Еуропадан келген болса Массагеттер табиғаты қатал, әрі жұтаң Каспий және Арал бойын жат жерлік басқыншылардан неге жандарын аямай қоргады? – деген сауал еріксіз туындайды.

      С.Г. Кляшторный Аррианның еңбектерін пайдалана отырып, массагеттерге берілген сипаттаманы сөзбе-сөз келтіреді. Онда мынадай жолдар бар: «Скифтер дегеніміз – олар (массагеттер) өте кедей тұрмыс кешті, оларда қалалар да, отырықшы баспаналар да болган емес. Олар өздерінің игіліктері үшін сондықтан да ешқашан да қорқа қойган жоқ және сондықтан да оларды кез келген согысқа жетектеп алып келу қиыншылыққа түсе қоймады… Өздері жеңіліп қалган массагеттер өздерімен бірге согысқан бактриялықтардың және согдылықтардың жүктерін тонап, шөл далага Спитаменмен бірге қашып кетті. Олар Александрдың шөлге баса көктеп кіруге дайындалып жатқаны туралы хабарды алган бетте, Спитаменнің басын кесіп алды және оны Александрды бастапқы ойынан айныту үшін, оган жіберді».

      Бұл жолдардан байқайтынымыз, Массагет бірлестігіне, негізінен алганда жергілікті (автохтонды) көшпелі тайпалар кірген. Олар отырықшылықпен айналыспагандықтан, егін екпеген, қала салмаган. Бір сөзбен айтқанда, Массагеттердің тұрмыс-тіршілігі көшпелі Сарматтарга, ягни Аорстарга өте ұқсас. Страбон Массагеттердің жауынгерлік ерлігіне сүйсінсе, ал Геродот «олардың елінде алтын мен мыстың сансыз көптігіне» таңданган еді51.

      Массагеттер Дахтар (Дайлар) ма? Тегінде Массагеттер деп жүргендеріміз Дахтардың (Дайлардың) өзі болуы да мүмкін. Зерттеуші С.Г. Кляшторный Дахтар дегеніміз – Геродотта айтылатын Массагеттердің өзі болса керек деген қорытындыга келеді. Өйткені, аталмыш өңірде адамдарды және жылқыларды қоргайтын сауытты осы Дахтар гана пайдаланган. Ал, Геродоттың жазбаларында Массагеттердің өздерінің жылқыларының кеудесін мыстан жасалган сауыттармен қаптайтыны айтылады. Осыган байланысты заттық деректі, темірден жасалган пластина сауытты С.П. Толстовтың Хорезм экспедициясы да осы аймақтан тауып алганы ойландырады. Осы айтылгандарга қосарымыз, ежелгі деректер «Авестада», Ксеркстің жазбаларында, Арианның еңбегінде Дахтардың дәл осындай атаумен аталатынына зерттеушілер назар аударып отыр. Соган қараганда, Сыр бойындагы тайпалар бірлестігі айтарлықтай ұзақ мерзімге Дахтар (дайлар) деген атаумен тарих сахнасында әрекет жасаган тәрізді.

      Кезінде б.з.б. IV г. Танаистың аргы бетін (Сырдарияның аргы бетін) және Арал бойын мекендеген Дахтар Александр Македонскиймен шайқасып, Дарий ІІІ-нің жағында соғысқанын білеміз. Бүгінгі күні тарихшылардың бір тобы Батыс Қазақстан территориясындағы ерте сарматтардың ескерткіші «прохоров» мәдениетін қалыптастыруда осы көшпелі Дах тайпаларының шешуші рөл атқарғандарын және кейінгілердің Арал бойына Каспийдің оңтүстік-шығыс бөлігінен келіп қоныстанғандарын айтып жүр. Кейіннен Александрдың жағына шыққан олар оның одақтасына айналып, тіптен Үндістанға жасалған жорықтарға да қатысқан. Бұл Арриан келтірген деректерден белгілі.

      Александрдың жанындағы


Скачать книгу

<p>51</p>

Кляшторный С.Г., Султанов ТИ. Государства и народы Евразийских степей. Древность и средневе- ковье. – СПб., 2004. – 44 с.