Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов

Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап - Коллектив авторов


Скачать книгу
өткен ата-әжелеріне арнап қымбат құлпытастар қою немесе кесенелер тұрғызу халқымыздың әдет-ғұрпына сай келмейтінін атап өткен жөн. Ал халқымызға танымал тарихи тұлғаларымыздың жерленген жерін тауып, олардың атында мешіт салғызу, бастарына кесене тұрғызу халқымыздың әдет-ғұрпына еш қайшы келмейді. Бұл бір жағынан, мұндай мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге жағдай жасаса, екінші жағынан, мәдени ескерткіштердің ұлтымыздың рухын көтеруде де маңызы зор. Ал туған жерін сүйген, елін сүйген ұлттың әрқашанда болашағы бар.

      Қазақ халқының арғы бабаларының қалыптасу кезеңі қола дәуірінен басталады. Әр түрлі тарихи кезеңде өмір сүрген тайпалардың бұл үрдіске қосқан үлесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ресей империясы, кейіннен Кеңестер Одағы тұсында жазылған Қазақстан тарихына тікелей немесе жанама қатысы бар еңбектерде елімізді мекендеген тайпалардың шығу тегін қасақана еуроцентристік көзқараспен бұрмалау немесе олардың тарихтағы рөлін төмендетіп көрсету фактілері жиі қайталанып отырды. Сондай бұрмалауға ұшыраған көзқарастардың бірі – Қазақстан жерін ерте темір дәуірінде мекендеген сақ тайпаларына қатысты. Жоғарыда көрсетілген фактілер, соның негізінде жасалған тұжырымдар сақ тайпалары мен қазіргі қазақ халқының этно-әлеуметтік дамуында тарихи сабақтастық бар екендігін дәлелдейді.

      Б.з.б. VІІ-VІ ғғ. парсы жерінде зороастризм діні кең тарала бастаған болса, сақтар мұны қабылдамаған. Жоғарыда айтылған Бехистун жазбасының У-ші бағанасында Дарий өзінің тиграхауда сақтарына жасаған жорығы туралы баяндай келіп: «бұл сақтар өте қатігез және Ахура Маздаға табынбайды. Мен Ахура Маздаға сыйындым. Оның рахымымен мен оларды бағындырдым», – деп жазады. Сақтар зороастризм дінінің жекеленген әдеттерін парсылардан сол қалпы емес, ұзақ қарым-қатынастың нәтижесінде ғана қабылдаған.

      Ежелгі жазба және археологиялық деректерінен сақ-скиф тайпаларының діни әдет-ғұрыптары жайлы мағлұматтарды ішінара кездестіре аламыз. Бірақ оларға сын көзбен қараған жөн. Геродот «исседондардың ғұрыптары мынандай. Әлде біреудің әкесі қайтыс болса, баласы көп мал әкеліп құрбандық шалады. Сойылған мал мен өлген әкесінің денесін бөлшектеп бірге асады», – деп жазады. Бұл мәліметті сол күйінде қабылдауға болмайды. Тарихшы сақтардың арасында болмаған. Мәліметтерді саяхатшылардың айтуы мен ел аузынан жинақтаған. Ақпарат берушілер сақ-скифтердің адам сүйегін жерлеп жатқанын көруі мүмкін. Зороастризм дінінде жер, су, от қасиетті саналады. Оларды ластауға болмайды деп саналған. Сол себепті де Заратуштра ілімін ұстанушылар қайтыс болған адамның денесін тау-құзға немесе биік талға іліп қойып, еті мен денесі ажырағаннан кейін, сүйегін арнайы қыш ыдыстарға салып жерлеу салты болған. Сақтардың діни наным-сенімдерінде бұл діннің белгілері көрініс тапты. Өздерін өркениетті халық санаған гректер өзгелерді «жабайыға» балап, жоғарыдағыдай ой айтқан. Автор осындай ғұрып массагеттерде де болатынын атап көрсетеді. «Тарих» шығармасында: «массагеттердің салты мынандай. Әр адам өмірінде бір әйелге үйленеді.


Скачать книгу