Қазақстан (Қазақ елі) тарихы: 4 кітаптан тұратын оқулық. Қазақстан аумағы б.з.б. мыңжылдықтардан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі дәуірлерде. 1-кітап. Коллектив авторов
діни нанымсенімдері мен әдет-ғұрыптары
Қазақ халқының ата-бабаларының және олардың мәдениетінің қалыптасуына қазіргі Қазақстан мен оған іргелес жерлерді мекендеген әуелгі темір дәуірі тайпаларының қосқан үлесі зор. Осыған байланысты бүгінгі қазақ халқының шығу тегі мәселесін зерттегенде осы кезеңге қатысты жазба және археологиялық деректерге ерекше назар аударған жөн. Кеңес дәуірінде сақ тайпаларының тарихын зерттеген ғалымдар олардың шығу тегіне байланысты әр түрлі пікірлер қалдырған. Бұл пікірлердің көбі сақ тайпаларын үнді-иран тілдес тайпалар қатарына жатқызады. Мұндай жаңсақтықтың тууына археологиялық зерттеулерде расталған сақ тайпаларының антропологиялық типінің көп әсері болды.
Ерте темір дәуірі тайпаларының бүгінгі қазақ халқымен байланысын олардың дүние танымындағы, діни наным сенімдеріндегі, әдет-ғұрыптарындағы, шаруашылықтарындағы, қолөнеріндегі, тұрмысындағы ұқсастықтардан байқауға болады. Бізге мәлім, сақ тайпаларының наным сенімдерінде әр түрлі культтер: от, күн, аруақтар үлкен рөл атқарған.
Антикалық және көне парсы тіліндегі деректерде сақ тайпаларының сыйынатын басты құдайы «Күн» деп көрсетіледі. Геродоттың «Тарих» шығармасында мынадай жайт баяндалады. Кезінде парсы патшасы Кир қартайған шағында қазіргі Жетісу жерін мекендеген массагеттерге шабуыл жасайды. Алайда массагеттер ашық шайқасқа түспей қашқақтайды. Сол кезде Кир өзінің кеңесшісі Крездің кеңесімен массагеттер патшайымы Томиристің ұлы Спаргаписті алдап тұтқынға түсіреді. Өзінің баласын қайтарып алмақ болып Кирге елші жіберген Томирис өз сөзінде: «қанқұмар Кир, атқарған ісіңді мақтан тұтатын шығарсың. Сен менің ұлымды ашық шайқаста емес, қулық әрекетпен қолға түсірдің. Саған айтар ақылым менің ұлымды қайтар да еш жазасыз еліңе қайта бер. Егер менің айтқанымды орындамасаң массагеттердің қамқоршысы – Күн атынан ант беремін. Сені қанға бөктіремін», – деген сөздер берілген53. Сақ-скиф тайпаларында күннің символы ретінде жылқы малы таңдап алынады. «Тарих» шығармасында массагеттер жайлы айта келіп «олардың құрмет тұтатын жалғыз құдайы ғасырлар бойы – Күн. Оған арнап жылқыны құрбандық шалады. Мұның мәнісі ең жылдам құдайға ең жүйрік жануарды құрбан ету», – деп көрсетеді.
ҚР Президенті мұражайындағы Берел обасынан табылған жылқының реконструкциясы sabaq.kz
Археологиялық деректерде Күн сеніміне байланысты фактілер көптеп кездеседі. Жетісу өңіріңдегі сақ дәуіріне қатысты «Бесшатыр» қорымындағы корғандардың формасы дөңгелек тәрізді болып келеді және олардың айналасы қырынан қойып көмілген жалпақ тастардан тұрады. Қорғандардың сыртқы формасынан олардың күн культімен тығыз байланысы аңғарылады.
Қазба жұмыстары барысында жерленген адам мәйіті жанынан құрбандық шалынып, бірге көмілген жылқы қаңқасын көруге болады. Жетісу жерінде адамды ағаш бөренеден жасалған жеке бөлмеге жерлеп, қасында қосымша бөлмеге бір немесе бірнеше жылқыны қоса жерлейтін болған. «Берел»
53
Геродот. История. – М., 2009. – 104 с.