Телерадиожурналистика. Клара Қабылғазы
үкіметке қарсы қателік табатын. Сонымен, тағы да қара тізім жасалып, өзіндік репрессия басталған. Журналистер бойын жалтақтық, сенімсіздік белгілері дендеді. Осы кездері бірін-бірі қайталайтын айдарлар көбейді. Тыңдармандар аудиториясы жоғала бастады. Нақты өмір бүркемеленіп, «біздің кеңестік өмір осындай» деген идеология үстемдік етті. Орыс ақыны К. Чуковский: «Радио – опиум для народа», – деп жазды. 1970 жылы осы басшының нұсқауымен «Алтын қорды тазарту» жұмыстары жүргізілді. Солақай басшының кесірінен қаншама қымбат дауыстар, материалдар өшірілді. Осылайша Бүкілодақтық радио жаңа кезеңге көшті. Ал Қазақ радиосының «Алтын қоры» ондай жадағай саясаттың құрбаны болып үлгерген жоқ. XX ғасырдың 50-жылдарында Қазақ радиосының материалдық-техникалық базасы үкімет қамқорлығына алынып, жаңа аппаратуралармен толығып, құрал-жабдықтар бөлінді. Сирек дауыстар жазылған хабарлар, концерттер, әдеби-музыкалық радиокомпозициялар, радиопьесалар сол тұстары пайдалануға берілген магнитті үнтаспаларға жазылып, ең таңдаулы деген туындылар «Алтын қорға» алынды. Ал ондай дүниелерді сараптау Көркемдік кеңестің ұйғарымы арқылы жүзеге асырылатын. Күні бүгінге дейін сол құнды дүниелерді көздің қарашығындай сақтап отырған «Алтын қор» қызметкерлері тарихты болашақпен жалғастырушылар екендігі ақиқат.
1985-1991 жылдардағы қайта құру мен жариялылық жылдарындағы радио. 1985 жыл бұқаралық ақпарат құралдарының даму кезеңдеріндегі өзгеріске толы жыл болды. М.С. Горбачевтың үкімет басына келуіне байланысты қайта құру саясаты басталды. Қоғамда жариялылық басталып, халық демократияға бетбұрды. Бұл қозғалыс жылдар бойы қалыптасқан тоталитарлық жүйеге қарсылық пен оның идеологиясына наразылықтан туындаған болатын. Бұрынғы бір жүйеге мойынсұнған одақтас мемлекеттер ыдырап, КПСС-тің жойылуына әкеп соқты. Бұл өзгерістер алдымен БАҚ-қа әсер етіп, тек қана социалистік қоғамның сойылын соғатын телерадио және баспасөз еркіндік алуға ұмтылыс жасай бастады. Дегенмен бұл тұста бүкілодақтық радио Компартияның XXVII съезінің шешімдерін насихаттаумен болды. Осы уақытқа сай келген жастар мен студенттердің дүниежүзілік XII фестивалі, стахановтық қозғалыстың 50 жылдығы және Қазан төңкерісінің 70 жылдығы тілге тиек болды.
Журналистерден жаңа қоғамдық сананы қалыптастыру үшін жұмыс істеулері талап етілді. Жалған ақиқат беру, асыра сілтеу, орынсыз мадақтан гөрі күнделікті, нақты мәселелеріне көңіл бөлу жолға қойыла бастады. Осының әсерінен кейбір радиожанрларға деген сұраныс азайды. Әуе кеңістігінде радиоочерк, радиокомпозиция, радиосуреттеме сияқты жанрлардан гөрі қысқа ақпарат беруге бетбұрыс басталды.
Журналистердің өмір құбылыстарын зерттеуге, сараптама жасауға және әлеуметтік психологияға қызығушылықтары артты. Жаңа радиопішіндер пайда болды. Бағдарламалар ақпараттық-музыкалық, ақпараттық-публицистикалық немесе музыкалық-ақпараттық болып бөлініп, тыңдармандар сұранысын зерттеуге жете көңіл бөлінді. Тікелей