Жалпы гидробиология. Б. Минсаринова

Жалпы гидробиология - Б. Минсаринова


Скачать книгу
болуы бойынша ағыстар градиентті – гравитациялық, фрикционды, тасу және инерциялық ағыстар деп ажыратылады. Градиентті – гравитациялық ағыстар өз ішінде тығыздық өрісінің қайта таралуы (сулардың жылулық және тұздылық деңгейлері) салдарынан пайда болатын тығыздықты, атмосфералық қысым өрісінің қайта таралуына негізделген бароградиентті, жағалаулық сулардан, жауын-шашынның түсуінен, буланудан және кейбір басқа да себептерден пайда болатын ағыстық болып бөлінеді. Фрикциондық ағыс судың беткі қабатымен ауа массасының жанасуымен, тасу (толысу) ағысы – Ай және Күн тартылыс күшінің әсерімен анықталады. Инерционды ағысқа барлық қоздырушы факторлардың әсері тоқтағаннан кейін байқалатын ағыстар жатады. Қозғалу траекториясы бойынша тік сызықты, қисық сызықты, циклонды және антициклонды ағыстар ажыратылады. Солтүстік жарты шардағы шеңберлі циклонды ағыс сағат бағытының қозғалысына қарсы бағытталған (оңтүстік жарты шарда – керісінше).

      Орналасуы бойынша беткілік, тереңділік, су түбілік, жағалаулық және т.б., ал физика-химиялық ерекшеліктерге байланысты – жылы, суық, тұщы, тұзды, тұрақтылығы бойынша – тұрақты, маусымдық және уақытша ағыстар деп ажыратылады.

      Судың араласуының әртүрлі формаларының арасында желден пайда болатын турбулентті немесе фрикционды, өте суық және тұзды сулардың тереңге түсуімен байланысты судың конвективті алмасуы ажыратылады. Алмасу болмаған жағдайда су қабаты тігінен әркелкі болады. Онда әртүрлі факторлардың әсерінен гидрологиялық ерекшеліктердің қандай да бір формада көрінетін клиналдылық (градиенттілік) пайда болады. Олар: тығыздық (пикноклин), температура (термоклин), оттектің мөлшері (оксиклин) түрінде әсер етеді. Су және ауа массаларының өзара әсері ретінде пайда болатын толқындар жағалау маңында тіршілік ететіндер үшін үлкен маңызға ие. Өйткені тасу грунтты мүжіп, оны тік әрі көлденең бағытта араластырады, бір жерден екінші жерге тасымалдайды. Ал ағыс горизонталды, вертикалды, беттік және тереңдік, циклондық және антициклондық болады.

      Гидробионттар үшін су қозғалысының тура және жанама маңызы бар. Бірінші жағдайға пелагикалық организмдердің горизонталды бағытта тасымалдануы, олардың вертикалды араласуы және грунттан бентостық организмдердің шайылуы жатады. Гидробионттарға су қозғалысының жанама әсері оттек пен қоректің тасымалымен, метаболиттердің әкетілуі, температура мен басқа гидрологиялық градиенттердің теңесуімен байланысты.

      Гидробионттар судың қозғалысын әртүрлі рецепторлардың көмегімен қабылдайды. Ағыстың жылдамдығы мен бағытын балықтар бүйір сызықтарымен, шаянтәрізділер – антенналарымен, моллюскалар – мантия өсінділеріндегі рецепторларымен сезеді. Көптеген омыртқасыздарда судың тербелісін қабылдайтын виброрецепторлар бар, шаяндарда ол денесінің беткі жағында тереңірек орналасқан желпуіштәрізді мүшелерімен, жәндіктердің дернәсілдері қылшықтары мен талшықтарының


Скачать книгу