Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау. Назгүл Дaлaбaевa

Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау - Назгүл Дaлaбaевa


Скачать книгу
сілтілігі жағадан алыс жерде төмен, оған сәйкес теңіз өсімдіктері мен жануарлары да аз. Өзен суы теңіздің тіршілік иелерін қызықтырмайды, себебі ол сілтілік емес қышқылдық әсерге ие. Тіпті теңіз акулалары да теңізден алыс өзен сағасына шығуға тәуекел етпейді, ал мысалы, Днепр немесе Амурде шомылып жүрген адамдар сегізаяқ, тұтасқанатты кездестірмейді.

      1.3 Оттексіз қышқылдар

      Қазіргі уақытта маңызды оттексіз қышқылдар – галогенсутектер болып табылады. Олардың ішінде бірінші орында тұз қышқылы.

      Тұз (хлорсутек) қышқылы. Оның формуласын әдетте HCl деп жазады және көбісінде тұз қышқылы мен хлорсутек бір зат деген көзқарас қалыптасады.

      Хлорсутек бөлме температурасында газ, ал -84 °C-ге дейін суытқанда түссіз, жеңіл қозғалатын сұйықтыққа айналады, ал бұдан төмен -111,3 °C-де түссіз кристалдық зат болады. Сұйық хлорсутек электртоғын өткізбейді, себебі берік диссоциацияланбаған молекулалардан құралады. Бірақ, олардың өте аз бөлігі H+ мен Cl- иондарын түзіп, диссоциацияға ұшырайды, олар сол сәтте H+∙HCl және Cl-∙HCl күрделі иондарын түзіп, сольваттанады. Бірақ бұл диссоциацияның нашар болғаны сонша, сұйық хлорсутектің электрөткізгішітігі суға қарағанда аз.

      Химиялық қатынасы бойынша таза сусызданған хлорсутектің белсенділігі төмен. Олар көптеген металдармен әрекеттеспейді және құрғақ аммиакпен де әрекеттеспейді.

      HCl-дың молекулалары полярлы, олар бірден гидраттанады. Бөлінген гидраттану жылуы үлкен және ол хлорсутектің барлық молекулаларын иондарға тарату үшін жеткілікті. Сондықтан да хлорсутектің сулы ерітіндісі, яғни тұз қышқылы күшті электролит болып табылады және электртоғын жақсы өткізеді.

      Таза хлорсутек аз қолданылады. Негізінен, ол хлорвинил өндіруде, кейбір синтетикалық каучуктардың, хлорэтил мен тағы бірнеше заттарды өндіруде шикізат ретінде қолданылады.

      Тұз қышқылының қолданылу саласы көп. Оның жүздеген тоннасы никель, хром, мырыш, мыс, алтын, шойын мен болат өнімдеріндегі қақтар мен тат басқан жерлерін ерітуге жұмсалады. Себебі электролиз кезінде бұйымның тат басқан бетінде мырыш, мыс немесе никель тұнбайды. Сондықтан да велосипед рөлін никельдеудің және ас шелегін мырыштаудың алдында басқа да көптеген бұйымдарда тұз қышқылында «шомылдыру» керек.

      Тұз қышқылын көбінесе бу жіберетін қазандар мен су жылытатын құрылғылардағы қақтарды жою үшін қолданады. Қақ – бұл негізінен тұз қышқылында жеңіл еритін, кальций мен магнийдің карбонаттары:

CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + H2O + CO2

      Расында, бұл кезде қышқыл металға да «шабуыл жасайды». Оны ерітуден алдын ала сақтап қалу үшін, қышқылға әдетте жемірілудің ингибиторларын (тежегіштерін) қосады. Бұл заттар металда адсорбцияланып, қорғаныш қабатын түзіп, металдың еруін қиындатады. Олар карбонаттардың еруіне мүлдем кедергі жасамайды.

      Қазіргі уақытта, мұнайшылар осындай тежелген қышқылды, егер мұнайлы қабаттарда ізбес тасы болса, онда оларды құбырлар арқылы


Скачать книгу