Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау. Назгүл Дaлaбaевa

Қышқылдық-негіздік әрекеттесу негіздері курсы бойынша әдістемелік нұсқау - Назгүл Дaлaбaевa


Скачать книгу
еріту арқылы алады. Таза күкіртсутек қалыпты жағдайда шіріген жұмыртқаның иісіндей, түссіз газ. Оны -60,5 °C-ге дейін салқындатқанда, ол жеңіл қозғалатын сұйықтыққа айналады, ал -85,6 °C-ден төмен түссіз кристалдар түзеді. Сұйық күкіртсутек өте төмен электрөткізгіштікке ие, себебі ол өте әлсіз диссоциацияланады.

      Күкіртсутектің молекуласы судың молекулалары сияқты бұрыштық құрылысқа ие. Расында, күкіртсутектегі байланыс бұрышы шамамен 92°. Күкірт пен сутектің арасындағы электртерістік мәнінің айырмашылығы көп емес, сондықтан да H-S байланысы әлсіз полярлы. Соған сәйкес, жалпы молекула да әлсіз полярлы. Күкіртсутектің суда ерігіштігі де, сулы ерітінділерде диссоциациялану қабілеті де галогендерге қарағанда төмен екендігі осыдан.

      Егер бөлме температурасында 1 литр су шамамен 400 литр хлорсутекте еритін болса, онда осындай жағдайда күкіртсутектің 2,9 литрі ғана ериді екен. Егер хлорсутектің молекулалары бір ерітіндіде толық диссоциацияланса, онда күкіртсутектің қаныққан сулы ерітіндісінде оның әрбір 10 мың молекуласынан тек жетеуін ғана су тартып алады екен. Осы себептен күкіртсутек қышқылын өте әлсіз деп есептейді. Бірақ бұл жағдай суда ғана осындай. Егер күкіртсутек натрий гидроксидінің ерітіндісінде болса, онда күкіртсутектің протондарын су молекулалары емес, гидроксид иондар тартып алады. Олардың протон тартқыштығы 1600 кДж/мольға жететіндіктен, бұл суға қарағанда 2,5 есе көп, күкіртсутектің диссоциациясы мұнда толық болады.

      Таза күкіртсутек пен оның сулы ерітіндісі – күкіртсутек қышқылы – химиялық қатынасы бойынша біраз ерекшеленеді. Таза күкіртсутек металдармен әлсіз әрекеттеседі, ал күкіртсутек қышқылы электрхимиялық кернеу қатарындағы барлық металдарды ғана емес, мыс, күміс, сынап сияқты металдарды да тотықтырады. Әрине, қалыпты жағдайда сутек ионының соңғы металдарды тотықтыруға күші жетпес еді, бірақ берілген жағдайда көмекке сульфид ионы келіп тұр. Ол мыс, күміс, сынаппен әлсіз еритін сульфидтер түзеді және бұл соңғыларының түзілу тепе-теңдігін жылжытады.

      Егер таза тауық жұмыртқасының ақуызымен жылтырап тұрған күміс қасықты араластырса, онда қасықтың түсі неліктен қарайып кететіні осыдан түсінікті. Ақуыздың бөлінуі арқылы түзілген күкіртсутек суда еріп, күміспен қара дақ түсіру арқылы әрекеттеседі. Егер күміс бұйым көп уақыт қолданылмай тұрса, онда олардан осындай дақтарды байқауға болады. Ол әдетте ауада аз мөлшерде болатын, күкіртсутек есебінен түзіледі. Бұл күмістердің қараюына көңіл күйді түсіріп керек емес. Оны күміс айна реакциясына ұқсас реакция арқылы жоюға болады. Ол үшін ыстық картоп қайнатпасына аздаған ас содасын қосып, оған күміс бұйымды бірнеше минутқа салып қою керек. Крахмалдың гидролизі кезінде түзілген глюкоза сілтілік ортада күмісті металға дейін тотықсыздандырады да, қара дақтар кетеді.

      Көптеген металдардың сульфидтері қара түсті, мысалы сынап, темір, никель, қорғасын сульфиді және т.б. Бірақ барлық металдардың сульфидтері қара түсті емес. Кадмий сульфиді ашық сары түсті, мырыш сульфиді ақ түсті, марганец сульфиді дене түстес. Бұл түстер ертеде химиктерге сәйкес минералдарды талдауда


Скачать книгу