Араб тілінің терминологиясы. Анар Мустафаева

Араб тілінің терминологиясы - Анар Мустафаева


Скачать книгу
мен техниканың арнайы ұғымдарын белгілейтін номинативті мағынадағы сөздер мен сөз тіркестері» [8, 118-б.], «термин – арнайы ұғымдарды атау үшін қолданылатын арнайы тілдің негізгі лексикалық номинативті бірлігі (сөз немесе сөз тіркесі)» [1, 26-б.], «термин – тілдік бірлік, жай және жалғамалы терминнен тұрады және бір саладағы белгілі бір ұғымды белгілейді» [9, 215-б.], «термин – ұғымдардың жасалуы, ұйымдастыру және дамуы үшін әдіс» [10, 83-б.] және т.б.

      Терминге нақты анықтама беру үшін оның тек дефинициясын емес, сонымен қатар оған қойылатын талаптары мен ерекшеліктерін де ескеруіміз керек.

      Көптеген терминтанушы зерттеушілердің еңбектерінде кездесетін терминнің бірқатар сипаттамаларын қарастырайық:

      – арнайылық (арнайы салаға тиісті болуы): термин арнайы тілдің бөлігі;

      – дефинициясының болуы: термин затты атамайды, ұғымға дефиниция береді;

      – жүйелілік: термин нақты бір термин жүйесіне тәуелді және онымен байланысты;

      – үйлесімділік: термин формасы мен оның мазмұны арасындағы байланыс;

      – эмоционалдықтан тыс болу және терминнің объективтілігі;

      – мәнмәтінге (контекст) бейтараптылық: термин үшін өзі «өмір сүретін» терминологиялық сала маңызды;

      – өзінің терминологиялық саласында бірмағыналығы және т.б.

      Терминге қойылатын талаптары бар бірқатар жұмыстарды сараптау барысында С.В. Гриневтің классификациясы жақын болғанын анықтадық. Бұл классификация бойынша терминге қойылатын талаптар үшке бөлінеді: синтаксистік, семантикалық және прагматикалық. Олардың әрқайсысы белгілі бір аспектіге тиесілі:

      а) терминнің формасына қойылатын талаптар (синтаксистік аспект):

      1) тіл нормаларына сәйкестігі;

      2) нақтылық: лексикалық, формалды нақтылық;

      3) деривациялық қабілет;

      4) терминдердің инварианттылығы және т.б.;

      ә) терминнің мазмұнына қойылатын талаптар (семантикалық аспект):

      1) термин жүйедегі терминнің бірмағыналығы;

      2) толық мағыналық;

      3) семантиканың қайшылықсыздығы;

      4) синонимдердің болмауы;

      б) терминді қолдану ерекшеліктеріне қолданылатын талаптар (прагматикалық аспект)

      1) енуі (жалпы қабылдау және қолданылуы);

      2) интернационализациялануы;

      3) қазіргі заманға сәйкестігі;

      4) дұрыс айтылуы [1, 34-40 б.].

      Жоғары аталған және басқа да терминтанушы зерттеушілердің көзқарастарына сәйкес, арабтанушы Д.Р. Хайрутдиновтің берген анықтамасын ұсынамыз: «Термин – ғылыми білімнің минималды тасушы ретінде ғылыми мәтіндегі лексикалық бірлік (сөз немесе сөз тіркесі)» [11, 24-б.].

      М.Ф. Хиджази (محمود فهمي حجازي) «الأسس اللغوية لعلم المصطلح» атты еңбегінде («Терминологияның лингвистикалық негіздері») [12] әртүрлі еуропалық тілдердегі «термин» сөзіне салыстырмалы талдау жүргізді. Ғалымның айтуына қарағанда, бірнеше тілдерде «термин» сөзінің жазылуы мен айтылуы ұқсас, мәселен, ағылшын тілінде – term, неміс тілінде – terminus немесе term, француз тілінде –


Скачать книгу