Араб тілінің терминологиясы. Анар Мустафаева

Араб тілінің терминологиясы - Анар Мустафаева


Скачать книгу
келген тілде болуы мен функционалдануы күмән туғызатыны анық, тіпті бірқатар ғалымдар арасында қарама-қайшылыққа да әкеледі. А.В. Суперанская мен оның қосавторларының пікірі бойынша, «әлемде 2000-нан астам тіл болғанымен, дамыған ғылыми терминология тек 60 тілде бар. Ал терминологиялық белсенділік ең бастысы саланың дамуымен тығыз байланысты» [6, 5-б.].

      Тек терминологиялық бірліктердің қалыптасып жиналғаннан кейін терминологиялық жүйе қалыптасады. Ал термин бірліктері тек кірме сөздер мен калька арқылы ғана емес, сонымен қатар басқа да термин жасау жолдары арқылы қалыптасады.

Сұрақтар:

      1. Терминге қойылатын талаптарды атаңыз.

      2. «المصطلح» терминінің жасалуын түсіндіріңіз.

      3. «المصطلح» және «الاصطلاح» терминдеріне тоқталыңыз.

      4. Араб тілі мен басқа тілдердегі «терминнің» қолданысын айқындаңыз.

      5. Терминологияға анықтама беріңіз.

      2-дәріс

      Араб терминологиясының қалыптасуы мен даму тарихына шолу

      Араб терминологиясы тарихының туындауының тарихына келер болсақ, онда ол біз атап өткендей, Аббас халифатының билігімен (750-1050 ж.), нақтырақ айтқанда ғылым, өнер және әдебиеттің туындауымен байланысты. Бағдад (аббас) халифтерінің билігі кезінде кейбір ғалымдар аудармамен, ал басқалары білім берумен айналысты. Әл-Хорезми (һиджра бойынша 387 жылы қайтыс болған) қаламына тиесілі «مفاتيح العلوم» [Mafatiih ul-‘Ulum] (Ғылымдар кілті) кітабын атау жеткілікті. 15 бөлім, 93 тараудан тұратын бұл кітапта аббас ғалымы 2382 терминге анықтама берді [14, 41-б. ]. М.Ф. Хиджази өзінің терминологияға арналған «әл-Усус әл-Лугауия фи илм әл-Мусталах» еңбегінде атап өткендей, араб терминдерін тарихи тұрғыдан қарастыру – араб тілі тарихы мен ғылым тарихының маңызды бөлігі. Араб терминінің тарихы бірінші кезекте аударма тарихымен тығыз тоғысады, сондықтан Араб Шығысындағы аударма бастауларын меңгеру жалпы араб терминологиясын зерттеуде аса маңызды рөл атқарады. Аударма қызметі VIII ғасырдың ортасында басталып, ІХ ғасырда халиф Мамунның билігі кезінде жемісті түрде дами бастады. Бұл кезде кітаптар хинди, грек, парсы тілдерінен араб тіліне аударылды. Атап өтілгендей, халиф Мамун аудармашылар жұмыс істеген «Даналық үйінің» («بيت الحكمة») негізін қалаған. Египет ғалымы М. Абд әр-Рауфтың пікірінше, аударма тарихына дұрыс көңіл бөлінбеді, сондықтан бұл сала біраз уақыт көлемінде даңғыл ғылыми бағыттардан тыс қалып қойды [15, 13‐14 б.]. Сонымен бірге әр-Рауф аударма қажеттілігі жайында алғашқы болып ой қозғаған Халид ибн Муауия (704 жылы қайтыс болған), ал медицина, химия және жұлдыздар (астрономия) бойынша алғаш кітаптар аударған әл-Джахиз деп есептейді [15, 78-б. ]. Ибн ән-Надим өзінің «әл-Фихрист» кітабында Араб халифатының территориясына келген грек философтарының өз туындыларын лайықты түрде грек және копт тілдерінен араб тіліне аударғандарын айтады [15, 78-б. ]. Мұндай саясат, бір жағынан, грек ғылымын тарату үшін, ал екінші жағынан, Араб Шығысына енетін ақпараттарды бақылау үшін жүргізілді. Халиф Амр Бин Абд әл-Азиз мұсылмандарға пайдалы әрі ислам салт-дәстүріне


Скачать книгу