Араб тілінің терминологиясы. Анар Мустафаева

Араб тілінің терминологиясы - Анар Мустафаева


Скачать книгу
уақыты кезінде қолданылды. …Француз үкіметі балаларын тек француз тіліне үйрететін араб отбасыларын көтермелеп, сый тартты» [13, 158-б. ]. Бүгінгі күнде Мағриб елдерінде француз тілі шет тілі емес, екінші мемлекеттік тіл саналады (араб тілінен кейін) және ғылым мен техниканың барлық салаларында қолданылады.

Сұрақтар:

      1. Араб терминологиясының қалыптасуындағы Аббас дәуірінің рөлін түсіндіріңіз.

      2. Еуропа мен Шығыстағы, әсіресе Араб Шығысындағы терминологияның қалыптасуына тоқталыңыз.

      3. Даналық үйінің араб терминологиясындағы орнын айқындаңыз.

      4. Осман империясы билігі тұсында араб терминологиясының жағдайына тоқталыңыз.

      5. Мұхаммед Әли билігі тұсында аударманың дамуы мен оның терминологияға әсерін анықтаңыз.

      3-дәріс

      Тәуелсіздіктен кейінгі кезеңдегі араб терминологиясы

      Машриқ елдері ХХ ғасырдың бірінші жартысында, ал Мағриб елдері ХХ ғасырдың екінші жартысында тәуелсіздік алды; шетелді жаулау саясаты: Франция Араб Мағрибын кең көлемде жаулап алып, француз тілінің таралып, араб тілінің тіпті қарапайым азаматтар арасында қарым-қатынас аясынан да алынуына жағдай жасады (аккультурация саясаты), ал Машриқ елдерінде араб тілі түрлі салаларда қолданылуын жалғастырды; жаулап алынған араб елдерінің Еуропада білім алуға, ғылыми жаңалықтарды жүзеге асыруға ұмтылыстары Машриқ елдерін Еуропаның оқу және ғылыми ресурстарын өз елдерінің (араб) ғылымының дамуында белсенді түрде қолдануға әкелді. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Сирия мен Египет өз мамандарын Франция, Англия, Италияға еуропалық білім мен машықтарды кейіннен өз елдерінде қолдану үшін оқуға жіберді, ал бұл Мағриб елдеріне тән болмады.

      Араб тілінің араб әлемінің барлық термин жүйесінде толық қолданылмауы келесі факторлармен түсіндіріледі:

      Терминдердің бірегейленбеуі: әрбір араб елінің өздігінше жұмысы басқа елдегі баламасынан (ол жиі ұқсас әдіспен құрылған) ерекшеленетін дербес терминнің құрылуына әкеп соғады; терминдердің таралмағандығы: семинар, конференцияларда жүйеленген терминдер әрдайым қалың көпшілікке жетпейді, осылайша олар конференц-залдардың шегінен әрі аспайды; шетелде оқуды жалғастыра алу мүмкіндігі: өз елінде батыс тілінде білім алған студенттер мен түлектер Еуропада, АҚШ-та және т.б. елдерде білімін жалғастырып немесе жұмыс істей алады; оқытушының шет тілін білуі: шет тілде білім алған оқытушыларға сол тілде түсіндіру оңай болады; терминдер санының артықтығы: терминологиялық лексикаға күніне шамамен 50 термин келіп түсетіндіктен, термин жасау бойынша араб орталықтары оларды дер кезінде «өңдеп» үлгермейді; жүйеленген терминологиялық сөздіктердің аздығы; үйретушілер арасында араб әдеби тілін меңгендердің төмен деңгейі: студенттер әрдайым диалект қолданатындықтан, «фусханы» («الفصحى» [Fuha] араб әдеби тілін) жеткілікті деңгейде білмейді; ақпараттың шамамен 80 %-ы интернет желісі арқылы ағылшын тілінде түседі, сондықтан


Скачать книгу