Индуизм. Дарига Кокеева
толықтай меңгеріп, оның жұмбақ сырларын ғылыми тұрғыда ашып көрсету үндітану аясындағы маңызды сала болып табылады. Сондықтан үнді дүниетанымына тән алғашқы діни дереккөздерді санскрит тілінен аудару еуропалықтардан бастау алатындығы анық. Батыс ғалымы Ч. Уилкинс «Бхагават-Гитаны», У. Джонс «Ману заңдары» мен «Гитоговинданы» индуизмге тән аппараттық категорияны сақтап, мейлінше аударған еді. ХVІІІ ғ. соңы мен ХІХ ғ бірінші жартысында үнді аңыздарына Шлегель, Г. Уилсон, Т. Кольбрук, Х. Лассен сынды ғалымдар индуизм зерттеу барысында оның негізгі тірегі болып табылатын қасиетті жазба деректеріне үлкен көңіл бөлген. ХІХ ғ. екінші жартысынан бастап санскриттің дамуы үлкен белең алып, көптеген санскрит тіліндегі діни мәтіндердің аударылуына үлес қосқан ғалымдардан Л. Барнеттің, М. Моньер-Вильямс, А. Барт, Э. Хопкинс, Р.Г. Бхандаркар Дойссен, Г. Якобтың еңбектерін бөле жара айта кеткен жөн.
Ал смрити (есте сақтау) туындысы біріншіден семантикалық жағынан, екіншіден хронологиялық жағынан ерекшеленеді. Смрити туындысының қалыптасу кезеңі төменгі кастаға жататындар мен әйел теңдігіне арналған екінші қасиетті жазбаның бірі Иса пайғамбарға дейін І мың жылдықтың ортасында классикалық санскрит тілінде жарық көрді. Смрити дхарма-сутраны қамтыды, кейін аңыздық кеңістік пен гнеосеологияны қамтитын этикалық жазбалар дхарма-шастр, сондай-ақ, ерте үнділік эпос – «Махабһарата (Кришна құдайына жалбарыну, оған берілу концепциясын қамтитын «Бхагават-Гитаның» негізгі бөлімі болып саналады)», «Рамаяна» және «Пуран» мәтіндері жазылды.
Брахман мәтіндеріндегі шығармалармен реттелген және жалғасып жатқан кальпасутра осылардың ішіндегі кең көлемдісі. Осының ішіндегі салтанатты жиындарда (шраута-сутр) қолданылады, екіншісі – үй шаруасындағы рәсімге байланысты қолданылады (грихья-сутр). Соңғысы, құқық естеліктері (дхармсутр немесе дхарм-шастр).
Смрити дәстүріне қатысты мәтіндер индуизм дамуындағы маңызды кезең болып табылады. Соңғысы, әрі маңыздысы индуизмді ұстанатындар үшін дұрыс мінез-құлық туралы қағида «Ману заңдары» (Манав дхарм шастр) болды.
Заңда ашрам доктринасы өмірдің 4 мақсат, принциптерімен байланысты екендігін ашып көрсетеді: діндегі мінез-құлықтың дұрыстығы, артх – әрекет, әлеуметтік жетістіктерге жету бағыты, кама – махаббат, ләззаттану және мокша – болмыстан рухани түрде азаттану. Осы аталғандарды веда ілімін абыздар сараптай отырып, мынадай түйін жасаған. Ғалымдар үшін веда, үй шаруасындағыларға – брахман, абыздарға – араньяк, сопыларға – упанишад арналған деседі [20, 442-443 бб.].
Брахман мәтіндері Веда ритуалының шығуын және оларды талдау және тағы басқа ритуалдар элементтері қоршаған әлемді көрсететін күрделі топталған жүйемен құрылғандықтан ерте Үндістандағы діни-философиялық ойлардың дамуындағы бірден бір кезең екендігін айта кеткен жөн.
Ортодоксальды үнді діні философиялық діни ағымдар мен бағыттарды қамтып, Брахманизм деген атауға ие болды. Брахманизмнің мектептері мен ағымдары бір-бірінен ерекше. Негізгі