Индуизм. Дарига Кокеева
төрт кезеңнен тұратын уақыт циклді болып келеді.
1. Сагья-юг (крита-юг): алтын ғасыр;
2. Трета-юг (двапар-юг): күміс ғасыр;
3. Маха-юг: ұлы ғасыр; Бұл 12000 құдайлық мерзімді көрсетеді. (әр жыл 360 адаммен теңестіріледі, ал 100 маха-юг Кальпуды, яғни «Брахма тәулігін» құрайды), 4320 000 000 жердегі уақытпен тең. Күндіз Брахма 3 әлемді жаратқан құдайлар әлемі, адамдар әлемі, жын-перілер әлемі, ал түнде Брахма ұйқыға кетіп, хаосқа (грек-рим аңызында әлем жаратылардан бұрын түпсіз тұңғиық болған деген ұғым) оралады.
4. Кали-юг (қазіргі уақытта Брахма өмірінің 52 жылдығын көрсетеді); Кали-юг барлық әлемнің тоқырау заманы деп түсіндіріледі. Кали-югте құдайға жетудің негізгі жолы тек аянбай құлшылық жасау. Үнді табынушылары осы кезеңді төмендегі үш сатыға бөліп қарастырады:
– Нитья: күнделікті атқарылатын рәсім. Отбасымен бірігіп, күнделікті өз таңдауларындағы құдайларына жалбарынады;
– Наймитика: белгілі бір кезеңде қуанышты, я болмаса, қиыншылық туған мерзімде жасалынады;
– Камья: рухани тазару мақсатында қажылық орындарына барып тағзым ету, жалбарыну.
VI-ІХ ғғ. Үндістанның оңтүстік бөлігінде бхакти ағымы көрініс алды. Бұл ағым қазіргі таңда кришнаиттер арасында үлкен беделге ие болғандықтан бхакти – ескі дәстүрдің қазіргі кездегі қолайлы көрінісі әрі революциялық қозғалысы болып табылады, – дейді [30, 135 б.]. Бхакти – құдайға деген махаббат, сүйіспеншілік мағыналарын береді. Бхакти ағымы солтүстік Үндістанға дейін тарады. Сол кезде индуизм исламмен қақтығысқа түскен кезең болатын. Бхакти мен суфизм екі діннің бірігуін ойластырды. Бхакти ағымы синкретті үнді-мұсылман ағымдарын біріктіріп, жеке «джаб» дінін жасағылары келді. Соның нәтижесінде елде сикхизмнің негізі қаланған болатын.
Үндістандағы тағы бір ағым – шактизм болды. Шакти бастапқы әлем өзіндік және белсенді имманентті әйел болмысы ретінде түсіндірілді. Шактизмде тантризм ұғымы бар. (тантризм – Шива мен оның серігі Парвати екеуінің диалогы формасында құрылған мәтін). Сондықтан тантризм Шива ағымы болып есептелінеді. Аңыз бойынша, Шакти Шиваның серігі ретінде айтылады. Шакти аңыздарда мына есімдермен де көрініс табады: Дурга, Кали, Ума, Парвати. Тантристік өлеңдерде Вишну жары – Лакшми, Рама жары – Сита және Кришна сүйіктісі – Радха туралы вишнуиттерге түсініктеме берілген.
Индуизмнің жүйеленуі, яғни бірнеше ғасыр ішінде йога психика-физиологиялық техника жүйесінде қалыптасты. Йоганы орындаушы сансарадан азаттану үшін сиддхиды қолға алу керек. Демек, өзін-өзі бағдарлау арқылы магиялық күшті игеру. Йога жасаушыны хиндулық, жайнистік және буддистік психотехник деп атайды. Классикалық үнділік раджа-йога, яғни белгіленген «Йога-сутрада» патанджали (жаттығу) бірнеше тармақтан тұрады.
Бірінші тармақта: йогашы аскез көмегімен өзін арнайы жаттығу барысында бақылауда ұстау керек;
Екінші тармақта: ол өзіне бағдар жасау арқылы барлық ойдан арылып, психикаға бақылау жасайды да пайымдауды қадағалау өнерін