Индуизм. Дарига Кокеева
ата-бабалардың өздері жасап, бізге жеткізген жолдары мен дәстүрлері» [40, 8 б.].
Дәстүрлі дүниетанымда аңыздың алатын орны ерекше. Дәстүрлі қоғам негізінен құндылықтарға, салт-сана, ата-баба мұраларына негізделгенімен ерекшеленетін әлеуметтік орта [41, 166 б.]. Сондықтан дәстүрлі дүниетанымда аңыз орнының ерекшелігі қоғам дамуының ежелгі кезеңіне тән қоршаған ортаны тану әдісі, әрі дәстүрлі дүниетанымның бастау көзі болып табылады.
Сондықтан да аңыз, мифологияны зерттеуші ғалым С. Қондыбайдың мына бір сөзімен үндесіп жатқан сияқты. «Мифология, миф – ойдан шығарылған қиял емес, ол өткен заман адамының шындығын бойына сақтап қалған ата-баба сарқыты. Ол өткенді саналы бұрмалаудың, жалғандықтың ескерткіші емес, бірнеше мәрте бүктетіліп, оралып, ақиқаты мен қасиеті қатар өрілген, еріксіз шатасу тозаңының арасында байқалмай қалған ақиқаттың өрім қамшысы» [40, 10 б.]. Сондай-ақ, біз бұл тұжырымнан поэзия мен алғашқы білімнің, дін мен әдептің, өнер мен өмірлік тәжірибенің ерекше бірлігі орын алатындығын көре аламыз [40, 52 бб.], – деп нық айтады.
Әр елдің, ұлттың қанына сіңген өз наным-сенімдері, аңыз деректері бар екендігі шындық. Өз ұлтының немесе өзге ұлттың аңыздарын зерттеушілер саны қаншама. Солардың бірі қазақ аңыздарын зерттеп, ғылымға өз үлестерін қосқан ғалымдар қатарынан Ш. Уәлихановтан бастап, кейінгі аға буын зерттеушілеріміз Ә. Марғұлан, М. Әуезов, Ә. Қоңыратбаев, О. Сүлейменов, Ә. Нысанбаев, С. Ақатаев, Қ. Әбішов, Ғ. Есім, М. Орынбеков, Ф. Сүлейменов, І. Ерғалиев, С. Нұрмұратов, Қ. Нұрланова, З. Наурызбаева, Г. Қарагөзова, С. Қондыбай сынды ғалымдарды тілге тиек ете аламыз.
ХІХ ғ. 50-70 жж. Ведалық аңыздар мәселелерімен батыстық Р.Н. Дандекар, Л. Рену, Я. Гонда, В.Норман Браун, К. Милиус, П.Тиме, Э.Бенвенист, В.Рау сынды танымал ғалымдар айналысты.
Ал үнді зерттеушілерінен доктор Бходжрадж Двидеви, Раманатх Кхейра, Акшивани Парашар, Винай, Гурприт Синһ, Радхакришн Шримали, Ашок Коушик сынды ғалымдарды атауға болады.
Миф – ата-бабамыздың ежелгі, бастапқы танымындағы ғалам, сол ғаламның алғашқы пенделерінің өмірі хақындағы түсініктері болғандықтан олардың қатарына аспан, жер, су дүниесі мен жер асты, осылардың тұрғындары, яғни аспан тәңірлері мен тәңіриелер, құбыжықтар мен перілер, дәулер мен жасампаз батырлар, ел тергеушілер, ғажайып мақұлықтар және тағы басқалар жатады. Сонымен, мифология дегеніміз – жоғары да атап өтілгендер туралы аңыз-әңгімелердің жиынтығы мен ғалам жөніндегі қияли түсініктер жүйесі, ғалам бейнесі болып табылатындығы дау тудырмайындығы жөнінде жоғарыда айтып өттік.
Миф ерте замандағы адамдардың өзі туралы, қоршаған ортасы, жалпы ғалам туралы олардың орны мен реті, өзара байланысы, пайда болуы мен жоқ болуы туралы түсінігі. Ал ертедегі адам өзі мен ғалам туралы не білген? Ол түсінік бойынша ғаламда белгілі бір тәртіп болғандықтан біз аңызды адам мен ғалам туралы, рухтар мен әруақтар, алғашқы адамдар мен адам сипатты батыр пенделер туралы түсінік деп ұғынуымыз қажет. Осыған орай, аңыз туралы Дж. Ф. Бирлайнның