Индуизм. Дарига Кокеева
href="#img2f2ac20d6ad54c02a90574a227f9de96.png"/> – ды жобалап түсіндіру үстінде екендігін де тілге тиек етеміз.
Әуенді түрде «ОМ» немесе «O-U-М» 3 негізден құралған. Осы «ОИМ» – ды әуендеген пенде дәстүрлі түрде барлық кедергіден айығады. Сол үшін де жалбарыну барысында тәртіпті сақтаған жөн.
Свастика
Ганишпуранда «Свастика» белгісі Ганеш құдайының формасы болып табылады деп айтылады. Кез келген істі бастау алдында свастиканы еске тұтқан абзал. Бұл барлық бөгеттің алдын алады. Свастика белгісін елемеген адам үнемі сәтсіздікке ұшырайды. Сондықтан да барлық істі свастикамен бастау керек деп сендіріледі. Яжурведа, 25-19-да: бәріне белгілі Индра құдайы адамзатты жарылқап, молшылыққа, әрі ілімге кенелтеді. Бхагаван Врехаспати мәтінінде свастиканы еске алу әр үйге рақым төгеді десе, Атхарваведа, 1-31-4 – те: құдай бізге алғыс жаудырады, мүйізді аң бізге сәттілік әкеледі. Барлық адамзатқа мейіріміңді төге гөр! Осы әлемде байлық, біліммен адамзатты жарылқа! Бізге ұзақ ғұмыр бер! деп жалбарынады.
Свастика
Ригведаның бірінші гимнде свастика Сурьяның нышаны ретінде айтылады. Амаркошта жарылқаудың бағытын білдірсе, Атчарьялоста свастика Брахма ретінде дәріптеледі. Сонымен қатар жарылқау құдайы ретінде Лакшмиде қарастырылады. Осылайша, свастика барлық құдайлардың жақсы қасиеттерін нұсқаушы болып табылады. Сондықтан свастиканы жоғары бағалау және оны күнделікті өмірдің бір бөлігі ретінде қабылдау абзал. Белгі, таңбаларды негізге ала отырып, Шри Рамакришна: «Кімде сенім бар болса, ол жетіспеушіліктен ада болады. Бұл сенім – құдайға деген сенім. Өмірге, өлімге деген сенім», – дейді [39,