Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
жоқ болады және ол ешқашанда туысқандық қатынастарға тән кландық трайбализмнің негізі болған емес.
Қазақ этносы және оның жүздік құрылымы тарихи түрінде қыпшақ-казак, монгол-казак, могол-казак, кырғыз-казак, өзбек-казак, ноғай-казак, орыс-казак және өзге де ұлты мен нәсілі қалай болса солай болған казактардан құрылған.
Шала казак деп тек көшпелі тұрмысы жоқ казакты атайды.
XX ғ. 30-шы жылдары көшпенді казакты күштеп отырықшы қылды, содан олар казак болудан қалды.
XXI ғ. Қазақстанда титулды этностың басшылығымен жалпыазаматтық ұлт құру үшін қазақтардың дәстүрлік құрылымын әлемге ашық жеке тұлғалық санаға және мәдениет, саясат, экономикадағы бәсекеге қарай модернизация жасай алатын ұлттық идея керек.
Қазақтың ұлттық қасиеті ретіндегі жеке тұлғалық ашықтыққа Қазақстанның бүкіл ұлттары қол қояды.
Бұл ұлттық қасиет бүкіл қазақстандықтарға ұлттық миссия береді: ақпараттық қоғамның этникалық үлгісі болуға.
Жеке тұлғалық ашықтықтың ұлттық идеясы білім беру саласында насихатталуға тиіс.
Ел атауының орыс және ағылшын траскрипциясын қазақ үлгісімен сәйкестендіру керек: Казакстан (Kazakstan) – Еріктілердің Отаны (Freedom State).
Көшпелі түркітілді халық ретіндегі қазақтың этногенезі үндіеуропалық сақтарға да және, мүмкін, олардың ұрпақтары ирантілдес усуньдерге де қатысты емес, ежелгі түркімонгол тілдік бірлестігіндегі монголоидты алтай тайпаларына қатысты. Бұл алтын адам үшін қайғылы хабар болса да, қазақтың скиф-сақ тамырлары жөніндегі мифті сақтауға енді ресми желеу жоқ. Сонымен қатар, ғұн, көне түркі және қазақтар арасындағы мәдени-тұрмыстық ұқсастық енді ойдан шығарылғандай көрінбейді. Қазақтың этногенезі тоқтаусыз және тұтас қазақлықтың әлеуметтік негізінде болғаны жөнінде еш күмән қалмағандай. Ғалымсымақ әріптестердің миф тудырушы тезистері мазмұнынан гөрі оны дәлелдеу тәсілдеріне байланысты зиянды боп шықты.
Казак деген әлде де аударуға көнбейтін көне түркі сөзінің «бөлінген, қашқын», «өз билігі өз қолындағы еркін адам», «жаугер», «қауіпті сапарға шығушы» сияқты, көптеген жалпылама мағынасы бар. Казактар тек өздерінің ру-тайпа және мемлекетінен қашушы емес, олар белгілі қазақылық құбылысының өкілдері еді. Қазақылыққа арналған арба ретіндегі «хасах терген» көшпелі қазақ тұрмысын ежелгі монголдардан, немесе, тіпті, ежелгі түркілерден шығарады. Ресми ғылымда казак сөзінің ежелгі мағынасы әлеуметтілік саласынан: «тек өзінің қылышына ғана сенген, барлық жерден аласталған бейшара», «қауіпті сапарға еш серік, доссыз жалғыз шығушы, батыр барымташы». «Кейбір кездері белгілі қажеттіліктен бе, әлде өз еркімен бе, kaзak өмір дағдысында жүрген адамдар әрқашанда аз болмаған… Сол кездердің ұғымдары бойынша, ол, тіпті, жақсы деп саналған». Сонымен бірге, қазақылық батырдың әскери мәдениеті болған. Казак болу дегеніміз соғыста жантүршігерлік ер бола білу, ал бейбіт кезде – кез келген билікке түкіру, оның кез келген түрінен безіну. Осы қазақы еркін топты пайдалануға ежелден