Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
трагедиямен бітеді.
Көне монгол казактары жаңа билеушілер мен мемлекеттер іздеу мақсатында, көшіп кету дағдысынан айырылғасын, қазіргі қазақтарға айналған. Міне, осыдан арбадағы киіз үй ретіндегі «казак терген» арбалары құрама юрталарға ауыстырылып, қазақтың мәдениеті мен тұрмысына зор өзгерістер енген. Яғни, нағыз жаңа – империялық емес этнос тек XVII ғ. ғана Шыңғысханның ежелгі монгол-казак империясының қирандысында пайда болды. Қазақ этносы Ресейге XVIII ғ. 30-шы жылдарында қосылды және XX ғ. 30-шы жылдарында оны күштеп отырықшы қылды. «Қазақстан трагедиясы» ретінде атышулы болған отырықшылыққа жаппай көшу барысында, Голощекин ұйымдастырған жаппай аштан өлу нәтижесінде, қазақтардың үштен екісі жойылып кетті.
Ендігі мәселе – қазіргі XXI ғ. қазақтары қалай дамиды: бұрынғыдай жалпыазаматтық мағынасындағы титулды, нарыққа бейімделген, этностық санадан биік ұлт боламыз ба, әлде ана тілі мен титулды елдің мемлекеті негізінде бөлектеніп, этнократиялық, нарықты емес қоғамның қамытын киеміз бе? Қазіргі уақытта титулды ел басқаратын Қазақстанның жалпыазаматтық ұлтын жасау үшін қазақтардың дәстүрлі қазақлық мәдениетін жеке ашықтыққа және мәдениет, саясат, экономикадағы бәсекелестікке қарай жетелейтін жаңашылдықтың ұлттық идеясы керек. Қазақтың ұлттық қасиеті ретіндегі жеке ашықтық идеясын барлық елдер қолдайды. Бұл ұлттық қасиеті арқылы жалпы азаматтық Қазақстан ұлты – өзінің ұлттық миссиясын жүргізеді, яғни, ақпараттық қоғамның этникалық үлгісіне айналады. Алдымен, бүгінгі таңдағы ономастикалық логикаға бағынып, ел атауының орысша және ағылшынша транскрипциясын өзіміздің қазақша нұсқасымен сәйкестендіру керек: Казакстан (Kazakstan) – Еріктілердің Отаны (Freedom State).
Ұлттық идея қолдан жасалатын нәрсе емес, шынайылық ретінде ашылатын нәрсе. Кез келген ұлттық идея, қазақы болсын, орысша болсын, кез келген халықтың ұлттық миссиясын беретін ұлттық қасиеттен және оны этнос ретінде, мәдени-тұрмыстық тұтастық ретінде біріктіретін нәрселерден тұрмақ. Ерте ме, кеш пе, біз этностық пен азаматтықты бөлетін боламыз және ұлт деп тек азаматтылықты айтамыз. Әзірше біз, этностар, ұлттық шығу тегіміз бен ұлт деңгейін ажыратуды үйренейік.
Өкінішке орай, индустриалды мәдениеті бар ұлттар жалпыазаматтық қоғамдастықтар ретіндегі елдер жиынтықтарына қарағанда, өзінің басындағы ұлттық мемлекетсіз тірлік ете алмайды. Сондықтан кез келген либералды-демократиялық құндылықтарды енгізу, егер онда тұтас этнос ретіндегі тұрғындардың өз-өзін тану деңгейін беретін («идентификация») ұлттық идеямен қамтамасыз етілмесе, сәтсіздікке ұшырайды. Саяси және экономикалық бағыттама нұсқасындағы мемлекеттік мақсат ұстанулары ұлттық идеяның орнын толтырмайды. Өзге жағынан либералды- демократиялық құндылықтардан қол үзген кез келген ұлттық идеяның өзі дұрыс болмайды, өйткені ақпарат жиюдың глобалды тарихи барысына қайшы келеді.
Қазақтардың жеке ашықтығы жөніндегі ұлттық идея Қазақстанның жалпыазаматтық ұлтын тек