Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров


Скачать книгу
қазақлық (қазақламақ) дағдысынан шыққан дейтін концепциямызды растайтын нәрсе. Әрі қарай ол «хасаг терген» сөз тіркесі қазақы арба, қазақламаққа арналған арба, тіпті де қазақ арбасы емес және осы мағынасында ол монгол жазба ескерткіштерінде қолданған деген белгілі монголтанушы Б.Я. Владимирцовтың беделіне сүйеніп, бұл тіркес түркі және парсы тілдеріндегі казак және казактар сөз қолданысымен тең деген тұжырымға келеді және әлгі тіркестің іркілген сөзқолданысы ретінде барлық қазіргі монгол тілдерінде сақталғанын айтады. Бұл бізді қазақтың тұрмысы тек қыпшақтардан емес, одан да бұрын ол ежелгі монголдардан деген өз ойымыздың дұрыс екеніне одан сайын сендіреді.

      Әрине, қазақлық арбасы деген «тіпті де «қазақ арба емес», арбаға орнатылған киіз үй, бірақ ол қазақ этногенезінің материалдық негізінде жатыр. Юдиннің қазақылықты әлеуметтік институт ретінде мойындауымен қатар, ежелгі монгол хасах тергенін юрта-арба деп мойындауы, казактардың этнос ретінде өз-өзін танудың және олардың «барлық киіз үйде тұратын ұрпақтардың арасында» топтық бөлектенуінің ғылымға еш қайшы келмейтін мәдени-тұрмыстық белгісін анықтап беріп отыр. Юдин айтқандай, әскердің бір түрі болмаған шығар (с. 155), немесе оларды әскери ақсүйек топ деп те артықтау болар, өйткені олар отырықшы тұрғындарды бағындырғанда ғана сондай дәрежеге жететін. Ең дұрысы, олар аракідік Шыңғысханның жеңісіне дейін және, әсіресе, оның таққа отырғанынан кейін әскерге қабылданып, ұрысқа қойылатын жауынгерлер болған, яғни, оларды ру мен тайпаға емес, жүздіктер мен мыңдықтарға бөлген. Осы жүздіктерге бөлетін казак әскерінің құрылымы тек ежелгі монголдар мен қыпшақтарға емес, көшпелі өзбек пен ноғайға да тән болған. Б.А. Ахмедовтың «Көшпелі өзбектер мемлекеті» кітабына рецензиясында Юдин Махмуд бен Валидің «Бахр ал-асрар» кітабына сүйене отырып, Жүз-Орда атауын Ақ Ордамен теңестіреді, яғни, Юдиннің ұғымында, Жошы ұысының (Алтын Орданың) өзгеше атауы. Жүз Орданы ол жүз орда емес, Жүз-Орда («Орда-Сотня») деп аударады, өйткені басқаша аудару түркі тілтануының заңына қайшы келер еді (с. 256–267).

      Сөйтіп, Шыңғысханның дәуірінде ол көшпеліліктің тұрақты ауылдық тәсілі бар, ортақ түркімаңғұл тілі бар және мейлінше дамыған мемлекеттілігі бар біртұтас халық болатын. Оны Шыңғысхан монгол деп атаса, қытайлар мен орыстар татар деп атай берген, сосын оны бір кезде өзбек десе, бір кезде ноғай деген, бірақ өмір дағдысы бойынша, яғни, этникалық түрде ол әрқашанда казак (қазақ) болды. Казактар өз атауларын өзгерткен, бірақ әрқашанда Шыңғысханның заңы мен руына бағынған, тіпті Қазақстанға көшіп келгеннен кейін де. Содан соң казактар қазақтың нақ өзіне айналады да, өздерін украин және орыс казактарынан, татарлардан, өзбектерден, қырғыздардан және көбінесе отырықшы этностарға қосылып кеткен ноғай-казак, өзбек-казак, қырғыз-казак (мүмкін тағы бір өзге казактардың) қалдықтарынан құралған өзге ұлттардан ажырата бастаған.

      Тағы бір сөзінде Вениамин Петрович «қазақ халқы болжам күйінде айтсақ, кейінірек құралған дейді, өйткені оның


Скачать книгу