Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров


Скачать книгу
байланыс жоқ екені көрсетіледі (43 б.). Бірінші ғасырлардағы Жетісудың еуропоидтық, бірақ түркітілді болып кеткен үйсіндері жөнінде тек «олар сақ дәстүрлерінің тура жалғастырушылары болған» деп айтылған. Бұлай деп айтылуы, мүмкін, олар туралы тексерілген ақпараттың аз болғандығынан шығар және этникалық, нәсілдік және мәдени жағдайлардың нағыз өзгеруі шығыс халықтарының IV–VII ғғ. ғұндар бастаған Ұлы жер ауыстыру деп аталған шынында да дүбірлі оқиғаға байланысты (45 б.) деген тұжырымға тірелгендей.

      Бұдан соң көшпелі түркі тілді халық ретіндегі қазақтардың ежелгі түркі-монгол тілдік қоғамдастықтағы монголоидты алтай тайпаларымен, кейінгі ғұндармен, ежелгі түркілермен және монгол-татарлармен, тіпті, көшпелі өзбектер, ноғайлар, қырғыздарға дейінгі этникалық байланыстарын дәлелдеп беруге жеткілікті тарихи дерекнамаларға сілтеме беріледі (48 б.). Сөйтіп, бұл қазақтың арғы атасы ретіндегі «алтын адамға» қанша өкінішті болса да, қазақ этногенезіндегі скиф-сақ тамырлары жөніндегі мифті сақтауға еш ресми уәж қалмайды. Оқулықта қытайлық шаруашылық-мәдени нұсқасымен қатар, Орталық Азия шаруашылық-мәдени нұсқасы болған деп айтылады. Ол біздің дәуірімізге дейінгі II және I мыңжылдықтардың аралығында көшпелі және жартылай көшпелі нұсқасында қазіргі сыртқы Монголия территориясында: батыстағы Шығыс Түркістаннан шығыстағы Күнгей Маньчжурияға дейін, оңтүстіктегі Гоби мен Ордостан, солтүстіктегі Тува мен Забайкальеге дейін тірлік еткен (50 б.). Ал, біздіңше, Халықтардың Ұлы жер ауыстыруға дейінгі Орта Азия мен Қазақстанда орталықазиялық мәдени-шаруашылық үлгісі болмаған. Сол сияқты, материалдық мәдениетінің жалпы скифтік ежелгі нұсқасында болғанына қарамастан, алтайлық тайпа мемлекеттерінде әскери соғыс демократиясы құрылымы болмаған.

      Ең кемінде, Сыма Цяньнің тарихи жазбаларынан алынған б.д.д. VII–VI ғғ. Орталық Азия көшпенділері жөніндегі деректер Геродоттың Қара теңіз жанындағы кең ауқымды әңгімелеріне еш ұқсамаса да, әлеуметтік-мәдени мағынасында қазаққа да тән ғұндардың, ежелгі түркілердің, монгол-татарлардың және ноғай-өзбектердің тұрмысына таңғажайып ұқсас. Мысалы. қытай қайнаркөздеріне сілтей отырып, оқулық Ішкі Монголиядағы жун мен дунху тайпалары жөнінде мынандай деректер келтіреді: «малымен бірге шөп пен суына байланысты жерден жерге көшеді. Есігі шығысқа қарайтын дөңгелек отауларда тұрады. Ет жейді, қымыз ішеді… ішіндегі өжет, күшті, дау-дамайды шешуге қабілеттілерін би қып сайлайды. Мұрагерлік құқық оларда жоқ. Әрбір тұрақ орнының өз басшысы бар. Жүзден мыңға дейінгі жұрт жұртшылықты құрайды. Биден ең соңғы бағыныштыға дейін әркім өз малын өзі бағады және өз мүлкіне өзі қарайды, сондықтан бір-біріне қызмет етпейді… Әрбір істе әйелдердің пікірін тыңдайды, тек әскери істерді ғана өздері шешеді… Соғысты маңызды іс деп санайды… Жоғарғылар төмендегілермен араласқанда қарапайым, ал төмендегілер жоғарыдағыларға (яғни, сайланатын билер мен көсемдерге) ақ жарқын адалдықпен қызмет етеді (51 б.).

      «Шығыс жабайылары»


Скачать книгу