Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров


Скачать книгу
(54 б.). Ал 1733 жылы жазылған «Ұлы жүздің сұлтандары мен билерінің императрица Аннаға жазған Ресей бодандағын қабылдау жөніндегі хаттарында» олар өз өздерін қырғыз-қазақ билеріміз деп атайды. Міне осыған байланысты «киргиз-кайсаки» деген орыс ұғымы дүниеге келеді (54 б.).

      А.М. Мугиновтың «Ұйғыр қолжазбаларын суреттеу» кітабына рецензиясында Юдин «түпкі қазақ мемлекеттілігі алғашқыда тап Киргизия территориясында, Шу мен Талас бойында осы кезде қалыптасып жатқан саяси одақтағы қазақ және қырғыз этностарының негізінде құралып және дамыған» деген нұсқауы бар (255 б.). Сөйтіп, біз таныстырып отырған кітапта қазақ пен қырғыздардың этникалық туыстығы, не саяси жақындығы Ұлы жүздің тарихымен қатар, Вамбери айтқандай, дала қаңғыбастары болған «могол», «казак» және «кыргыз» этнонимдерінің жалпылама мағынасының жақындығы жөніндегі зерттеулер үшін жөнді бағаланбаған.

      Біздің ойымызша, Ұлы жүздің ру-тайпалық құрамы қалыптасуына қырғыз-қазақтардың ықпалы могол-қазақтардан кем емес, артық болған, сол сияқты Орта жүздің қалыптасуына өзбек-қазақтардың орны бөлек болса, ноғай-қазақтардың Кіші жүздің құрылуындағы ықпалы зор. Өкінішке орай, Юдин өзінен кейін қазақтардың үш жүзінің пайда болуының анық болжамын қалдырмады, бірақ оның есесіне, олардың ежелгі монгол империясымен байланыста болғанына сендірді. Оның ойынша, «қазақ жүздерінің өзара орналасуында қазақ хандарының Қазақстан территориясындағы билігі таралу кезеңдері сақталғандай» және олардың Ұлы, Орта және Кіші болатынындағы ең басты нәрсе, олардың билік пен саясаттағы дәрежесі» (255 б.).

      Сонымен бірге, Юдин «қазақ хандарының саналы түрде ортаазиялық сопы топтарын далада жасырғандарын» жазып және «қазақтарды ортаазиялық молдалары арнайы фетвамен діннен безген» деп атады деген нұсқаулары (64–65 бб.) біздің қазақ исламы және қожа руы сопылық, яғни исламның дәстүрлі емес және сунниттік емес нұсқасынан тараған деген пікірімізді растайды. Олар сопы болғасын, қазақтың шаманизмнен гөрі митраизмге (шығыстық зороастризм) жақын тәңіршілдігінен тамырын үзбеген.

      Могулдар туралы мақаласында Юдин жанама болса да, біздің қазіргі татарлар мен қазақтардың ежелгі монгол жөніндегі тұжырымымызды растайды. Нақты айтқанда, ол «Еділ татарларының этникалық тарихын зерделеуде Еділ татарлары артық бағаланады да, қыпшақ құрамы жете бағаланбайды», – деп жазады және осымен бірге ол қыпшақтарды монгол-татарларға теңегендей, өйткені оның жазуынша: «қыпшақтар» (монгол-татарлар)» (100 б.). Өзіміз таныстырып отырған казак концепциясында монголдан кейінгі дәуірде қазақ даласын қыпшақтікі (Дешт-и Кыпчак) деп атағанға біз келіспейміз және ежелгі монгол ру-тайпаларының түркілерге сіңіп кетіп, монголдығынан айырылды деген тұжырымға да келісе алмаймыз. Рашид ад-Дин бойынша (107 б.) ежелгі монголдар қазіргі монгол, немесе халха-монголдар деңгейінде монгол тілді болмаған. Ал қыпшақтардың қимақтардан және Қазақстанның өзге казак көшпенділерінен айырмашылығы олар қазақ даласында


Скачать книгу