Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
қазақылықтың әлеуметтік негізіндегі қазақ этногенезінің үзіксіз және біртұтас екенінде еш күмән қалмайтындай.
«Сөйтіп, менің бабаларым Бумын қаған мен Естеми қаған таққа отырды. Таққа отырғасын, олар Елді орнатты және түркі халқының Заңын орнатты», – деп түркі елінің бастауы жөнінде 732 және 735 жылдары Орхон өзені бойында Білге қағанға және Күлтегінге арналған екі тас жазуында түркілердің бірінші тарихшысы Йоллыг тегін осылай жыр етеді (cонда, 74 б.). Мұндағы «ел» сөзі түркіге де, қазаққа да ортақ. Оның мағынасы көшпелі «халық-мемлекет». Мұнда бір қызығы, «бодун» түрк сөзі тайпалардың жиынтығын белгілейді, «жеке тайпалардан құралған халық», ал оларды біріктіріп басқаратын Түрк Елінің нақ өзі (79 б.). Осы арқылы бодун сөзі ежелгі монголдарда және қазақтарда бар бақылаудағы территория мағынасындағы «жұрт» сөзін еске түсіреді. Мұрагерлік үлес ретіндегі ежелгі монгол ұлыстарын кейін қазақтың жүздері ауыстырады, олардың ордалары «әскер-халықты» басқарады, егер осыны ескермесек, ежелгі түркілер, монгол-татарлар, көшпелі өзбектер мен қазақтардың әлеуметтік-саяси құрылымы бір екені өзінен өзі көрініп тұр.
Тіпті Заң мағынасындағы Төр түрк сөзінің өзі тәртіп пен заңды және сол заңды сақтаушы Шыңғысхан ұрпағын белгілейтін қазақтағы Төре ұғымымен тең.
Бұл тұрғыда ғұндық жерлеу рәсімінің және Монголиядағы түркі тілді тас жазуының түрлі ру-тайпалардан шыққан көшпенділер ретіндегі түркі қазақтарының антропологиялық нұсқасы мен тілдік нұсқасы қалыптасуына қатысты ұқсастығы назар аудартады.
Олардың бірігіп қордалануы I мыңжылдықтың екінші жартысында түркітілдес тайпаларды Оңтүстік Сібірде, Орталық және Орта Азияда, Еділдің төменгі жағында және Солтүстік Кавказда Бірінші Түркі қағанаты, Шығыстүркі қағанаты, Батыстүркі қағанаты, Түргеш қағанаты, Ұйғыр қағанаты сияқты үлкен мемлекеттік құрылымдар және енисей қырғыздары, қарлұқ, кимақтар және Арал оғыздарының мемлекеттерін құруға әкеледі. Бұл уақыт қазір «ежелгі түркі дәуірі» деп аталады (сонда, 75 б.). Сол сияқты Каан\Қаған сөзі де ежелгі монгол және түрк тілдерінде «хандардың ханы» деген бір мағына береді (оны Владимирцов айтқан Канмен шатастыруға болмайды). Тіпті ханды ақ киізге көтеру рәсімі де барлық жерде сол күйінше сақталған. Мысалы, 551 жылы Бумынды Түркі Елінің қағаны деп жариялағанда, оны ақ киізге көтерген (78 б.). Мұндай салыстырулардан кейін ежелгі түрк дәуірі түркіттерден көне ұйғырлар мен қыпшақтарға дейін бір екеніне еш күмән қалмайды. Сол сияқты әлеуметтік институт және этникалық өмір дағдысы ретіндегі қазақылықтың көптеген элементі бар екеніне біраз көз жеткізген сияқтымыз. Ежелгі түркі мемлекеттерінің өз-өздерінің саяси атауындағы айырмашылықтар түрлі билеуші тайпалардың ақсүйек руларына байланысты болған, сондықтан тұтас халықтар жойылып кетті деп шатасуға болмайды. Бұл тұрғыда біз өзіміздің және басқалардың да (мысалы, В.П. Юдиннің) ойларын қайталауға әзірміз. Бұл тұрғыда монгол тілдес жуан-жуандар («аварлар») 460 ж. Турфаннан Алтайға көшірген