Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров


Скачать книгу
келгесін, Сарай астанасында Бату жасаған: Орду ұлысының шығысына, Жоғарғы Ертіс және Алакөл аумағында шартты түрде оған бағынған Шейбан ұлысы қосылды, Орал өзенінің шығыс жағында, Ырғыз, Өр және Илектен Сырдарьядағы Қарақұмға дейін және Тоқа Тимурдың ұлысы, Оралдың батыс жағында, Солтүстік Кавказ, Астрахан және Маңғыстау аумағында (сонда, 227–228 б).

      Өзге де бөлшектеулер болған, бірақ олар негізгі болған жоқ. Егер Орталық Азия ру-тайпаларының қатаң иерархиясын ескерсек, осы Көк орданың қосымша үш негізгі ұлысқа бөлінуінен Қазақстанның үш жүзінің Жошының аталған ұлдарының үлкендігіне байланысты пайда болғанын болжауға болады. Ал осы үлкендігіне байланысты бөлінетін үш жүздің ру-тайпалық құрамына келгенде, автор өзінің казак ордалары ретіндегі қазақ жүздерінің ұзақ қалыптасқаны жөнінде және ежелгі қазақ руларының Шыңғысханға бірте-бірте қосылғандығы жөніндегі пікірімді сәл өзгертеді. Жақын келешекте мұндай реттілікті дәлелдеу мүмкін емес, бірақ ежелгі қазақ ру-тайпаларының ежелгі монгол қолбасшыларының Шыңғысханға шежірелік жақындығы жөніндегі мәселеге бұл әлдеде фон бола алатын түрі бар.

      Қалай болғанда да, бұл оқулық автордың Қазақстандағы Ұлы, Орта және Кіші жүздің қазіргі Қазақстанның мөлшеріне дейін қысқартылған Шыңғысханның казак империясы ретіндегі ежелгі монголдық Жүз Орданың бөлінуінен пайда болды деген пікірін растайды. Ежелгі монгол ұлыстары сияқты, этнотерриториалдық жүздер де, тек ру мен тайпалардың ұйымшалары болды. Егер осыны ескерсек және Орду, Шейбан және Тоқа Тимур ұлыстары Ұлы, Орта және Кіші жүзге тең деген пікірді қабылдасақ, онда «қазақ тарихының ең басты жұмбағы» жартылай шешілді деп сенуге болады (281 б.). Ежелгі монголдың казак болғаны, олардың ру-тайпалары Ұлы Жүзге кірген Жетісудағы Моголистан мемлекеті, сонымен қатар, Джете елі деп аталған, ал оны монгол тілінен аударса «қазақы еркін өмір» боп шығады. Мысалы, Махмуд ибн Вали XVII ғ. былай дейді: «Джетені Мамлакат-и Моголистан деуге болады» (196 б.). Тіпті қатыгездігімен даңқы асқан Ақсақ Темірдің өзі он жорық нәтижесінде Могулистан, немесе Қазақстандағы, еркін өмірлі қазақылықты бағындыра алмады (201 б.). Окулың казак сөзінің этимологиясы мен семантикасына байланысты жоғарыда айтылған Левшин мен Юдиннің қағидаларын қабылдайды. Автор болса, кітаптың 1995 жылғы бірінші басылымында осы қағидаларға сүйенген. Ол кезде, әсіресе, қоғамдық деңгейде мұндай нәрселерге мән берілмейтін және қазіргі кездегідей мойындалмайтын. Көзге түсетіні, бұл оқулықта алғашқы рет абайлы түрде болса да, бірақ беделді, орыс тілінде осы түркі сөзі «белгілі ермегі жоқ ер жігіт» және XIV ғ. ақырында «жұмысын сатушы еңбеккер» һәм орыс қазақылығының алғашқы отаны ретінде тарихшылар Қыпшақ даласына шекаралас Русьтың оңтүстік шетін мойындайды» деген пікірді ақиқат ретінде қабылдайды (сонда, 249 б). Автордың айтуларынан жалғыз өзге нәрсе: оқулықтың редакторлары түпкі орыс казактарының («ордынские») Алтын Орданың ежелгі монгол-татар казактарынан шыққаны және Мәскеу Русі


Скачать книгу