Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров


Скачать книгу
үшіншіден, көшіп-қонудың ауылдық тәсілі Қазақстан территориясындағы Жошы ұлысы пайда болғаннан бұрынғы қыпшақ-қимақ одағында билік еткен. Қайталап айтайық, басты тұлғасы байлар болатын көшіп-қонудың ауылдық тәсілі көшпенді бақташылық дамуындағы, қазақы, яғни, ең жоғары деңгейдегі кезең. Көшіп-қонудың қазақы тәсілі казактардың үш ордасында да (Ұлы, Орта және Кіші жүздер) басты болған. Сондықтан оқулықтың «егер онша биік емес әскери-әкімшілік ұғымдардың бірі ірі тайпалық (ауылдық) қоғамдастықтардың атауына айналса, ол қалай болды?» деген сауалына казактар о баста ру-тайпаларға емес, жүздіктерге бөлінген деп жауап беру керек. Казак жүздіктері бір жағынан өз ішінде ондықтарға бөлінген және екінші жағынан мыңдық һәм түмен (он мың) ретіндегі ірі әскери-шаруашылық бөлімдерге бөлінген. Міне, дәл сондықтан Жошы ұлысының ең басты «алтын» ордасы ретіндегі Ақ Орда, Махмуд ибн Вали бойынша, «Йуз Орда», яғни Жүз Орда деп аталған (390 б.). Енді неге ру мен жүздер арасындағы үлкендіктің тура мұраланғанын ұғыну керек. Мысалы, неге Ұлы Жүздің ең соңғы руы Орта Жүздің ең үлкен руынан артық болған? (391 б.). Біздіңше, бұл ежелгіқазақ саяси тайпаларының рубасылары ретіндегі Шыңғысханның жүзбасылары мен мыңбасыларының шежірелік жақындығына және де бірінші жағынан, олардың Шыңғысханға қай уақытта қосылғанына, ал екінші жағынан, Жошы ұрпағы, Жошы ұлысының сол қанатының хандары Орду, Шейбан мен Тука Тимурдың үлкендігіне байланысты болған.

Р. Темиргалиевтің публицистикалық мақалалары

      2007 жылдан бастап Қазақстанның қазіргі историографиясының кеңістігіне Р. Темиргалиевтің мақалалары атойлап шығады (Zonakz.net). Бұл мақалалар баяндау тәсілі бойынша, публицистикалық болады, өйткені оларда зерттеулерді ғылымда орныққан ережелер бойынша реттеу жағы ұстанылмайды. Соған қарамастан және онда ғылыми дәреже болмаса да, (есіңізде болса, В.П. Юдинде де ғылыми атақ болмаған) оның мақалаларының тереңдігі және өткірлігі оның қайнаркөздердің кең ауқымыммен жете таныс екеніне, оларды зерделеп, пайымдай алатынына еш күмән қалдырмайды. Және де ол қайнаркөздер авторларының ықпалында бола қоймайды. Оның мақалаларының ғылыми шынайылығы және жан-жақты орайластырылуы оның құмарпаздығына және жұмыскерлігіне құрмет тудырады. Ақыры, 2009 жылы оның екі Қазақ хандығы тарихына арналған дерекнама жағынан ғажап кітабы шығады: «Қазақ хандығының нағыз тарихы» және батырлар құбылысы жөніндегі «Соңғы батырлардың дәуірі (1680–1780 жж.)». Бізді шабыттандыратын нәрсе, Темиргалиевтің көптеген ұстанымдары қазір қайта шығарылып жатырған кітаптан бөлек оның кең таралған және әркім-ақ өзі таныса алатын онша көп емес қайнаркөздерге негізделген 1995 жылғы болжам мен мүмкін деп ұсынған нәрселерін растайды. Соның кейбіреулерін келтірейік. Мысалы, оның «Қазақтар және Ресей. Өз еркімен қосылу болды ма?» мақаласын алайық, Алматы,17.07.2007 ж.) (www.zonakz.net/articles):

      «Қазір Қазақстанның Ресей және КСРО құрамында болған кезеңді орыс езгісіндегі 260 жыл деп айту жиілеп кетті. М. Қозыбаев, М. Мағауин, К. Данияров және өзгелер


Скачать книгу