Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров


Скачать книгу
авторлардың шығармаларында «қазақылықта» жүрген Абулхаирға көмектескен кейбір кейіпкерлердің аттары аталады. Барлық осындай нәрсеге қарағанда жас сұлтанды далалық аристократия зор қолдаған және егер хан Барақ өз адамдарының қолынан өлді деген дерек болса, оның да негізі бар. Екіншіден, ноғай бектері де Абулхаирдың сенімді жақтаушылары болған, олар оның таққа отыруына көп күш жұмсаған. Сонымен бірге, ноғайлар хан Барактың қас жауы еді, өйткені ол ноғайдың атақты бегі Мансұрдың өліміне кінәлі болған. Мансұрдың жиені Ваккас Абулхаирдың ең жақын жолдасы болған. Сондықтан қайнаркөздер хан Барақ өлімінің тарихында «ноғай ізі» де бар деп дұрыс айтып отыр. Бұл екі нұсқа да бір-біріне қайшы емес және хан Барақтың өлуі мен Абулхаирдың сайлануының бір уақытта болғаны кездейсоқ емес деген ойға жетелейді. Бәлкім, Абулхаир заңды билеушінің өлтірілуіне тікелей араласпаған да шығар, бірақ соны оның одақтастары жасауы әбден мүмкін. Дәл осыдан Абулхаирға өз билігінің ең басынан төрелердің өзге тармақтарымен күресуге тура келді, өйткені олар, қайдан шыққаны белгісіз, затсыз келімсекті ешқашанда нағыз хан деп мойындамас еді. Егер хан Урустың ұрпақтарына тоқталсақ, олар, әрине, узурпаторды тіпті де мойындамаған. Міне, сондықтан шибан тарихшылары ешқашанда оларды хан Абулхаирға бағыныштылардың арасында атамаған. Керей мен Жәнібек көп жетістіктерінен айырылса да, бірнеше қалған тайпаларын басқарып, тәуелсіздігін сақтай білген. Және де тұрғындар үшін және дала әдеті бойынша олар заңды хандар болғасын, олардың жақтастары ұдайы көбейіп отырған. Тек қана халықтың көпшілігі қолдағасын, Абулхаирдың өлімінен кейін олар шығыс Дешті Қыпшақты оңай бақылауына алған. Сөйтіп, Урустың шөберелері хандықтың негізқалаушылары рөліне еш жарамайды, одан гөрі олар өз династиясының билігін қайта жандандырушы. Ал Қазақ хандығының негізқалаушысы деп тек Урус ханды ғана санау керек және де Керей мен Жәнібекте дәл осылай ойлаған болар. Қалай болғанда да, тек осылай ойлағанда ғана осы көшпелі мемлекеттің тарихын ұғынуға мүмкіндік аламыз».

      Р. Темиргалиевтің келтірілген пікірі қайта басылып жатқан кітаптың барлық ұстанымдарын растап тұр. Сонымен бірге, Р. Темиргалиев, біз сияқты Ж. Сабитовтың «Алаша-хан» мақаласын қабылдауға әбден лайық деп санайды. (Темиргалиев Р. Настоящая история… с. 111–118). Ж.М. Сабитов өз зерттеулерін төрелер шежіресіне арнайы арнаған және аңыздардағы Алаш хан түпнұсқасына Урус ханнан өзге ешкім таласа алмайды деп санайды. Аңыз бойынша, Алаш хан далалық тайпалардың сол қанаты болатын барлық алашмыңның көсемі болған (әлгі тайпалардың қатағандардың оң қанатынан айырмашылығы, бәлкім, олар оғыз емес болған). Қазақтың бірінші ханы ретіндегі Урусты аңыздағы Алашпен ұқсастыру тек қана Левшин емес, Валиханов деректерімен де дәлелденеді. Урус өмірінен алынған тарихи сенімді деректер аңыздағы Алаш өмірімен толығымен ұқсас, тіпті уақыт бойынша да. Монгол тілінен Алаш – өлтіруші деп аударылады. Ал Урус барлық деректерге қарағанда


Скачать книгу