Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
алданып қалды, немесе саналы түрде себебі белгісіз бір өтірікке барып отыр. Және де бұл автордың барлық деректерді өзгелердің аузынан алып отырғанын есте сақтауымыз керек. Қалай болғанда да, біз енді шындықты біле алмаймыз, бірақ Мұхаммад Хайдар Дуглати ұсынған Қазақ хандығы құрылуы жөніндегі нұсқасынан тарих ғылымы зерттеу қағидаларына сай емес нәрсе ретінде бас тарту керек. «Ал біз сонда аңыз, дастан, ертегі сияқты фольклорлық деректермен не істемекпіз, оларда ең басты орынды Әз Жәнібек хан алмай ма?» – деп сұрауы мүмкін білікті оқырман. Және шынымен де қазақтың ауызекі шығармашылығында мұндай есімді хан жөнінде көптеген материалдар бар. Бәлкім, осыдан болар, кейбір қазіргі қазақ тарихшылары тіпті, құжаттардың куәландыруына қарама-қайшы, Керей – Жәнібек хан тандемінде бас тұлға деп соңғысын санайды. Ал егер тарихи материалды оймен бағаласақ, данышпан билеуші жөніндегі барлық аңыздардың Алтын Орда ханы Жәнібекке арналғанын байқаймыз (билік еткен жылдары 1341–1357 жж.). Ол шынымен де халықтың сүйкімдісі болған және тіпті орыс жылнамаларының өзіне «жақсы патша» атауымен кірген. Егер Қазақ хандығының негізін қалаған Керей мен Жәнібек деген еш негізі жоқ мифтен бас тартсақ, онда мүлде өзге тарихи картинаға көз жеткіземіз. Міне, осыған байланысты қазақтың бірінші ханы деп хан Урусты мойындау қажет(билік еткен жылдары – 1368–1377 жж.), ол өзінің «Йуз Ордасының» астанасы ретінде Сығнақты жариялаған. Айтпақшы, Қадырғали Жалаири тек осы туралы айтады. Барлық қазақ төрелерінің өз шежіресін хан Урустан бастайтыны тегін емес. Және барлық көрші халықтар да бірінші қазақ ханы деп тек Урусты санаған. Мысалы, Сібірді бағындыру уақытындағы бараба татарлары орыс билігіне біз «Урус патша ұрпағына бағыныштымыз» деп дерек берген.
Мұндай тұжырымға қарсы адамдар Урус уақытының орда тұрғындары әлі өзін қазақ атамаған деп уәж келтіруі мүмкін, бірақ іс жүзінде Керей мен Жәнібек кезіндегі далалықтар да бұл ұғымды өз атауы ретінде пайдаланбаған. Бұл саяси ұғым этнонимға өте кейінірек кезде айналды. Ал осылай аталатын «қазақтар» әлі көп уақытқа дейін өзін Орта Азияның ноғайларымен де, қыпшақтарымен де бір халықпыз деп санаған. Мысалы, XVII ғ. қазақ ханзадасы Ораз Мұхаммедті Мәскеу мемлекетінің «татар» ақсүйектері өзінікі санағаны сонша, тіпті Лжедмитрий II өлтіруге дейін барды. XVIII ғ. өзінде Кіші Жүзде Солтүстік Кавказға көшіп кетіп, ноғайлармен бірігу идеясы кең тараған. Тіпті XIX ғ. дейін Орта Азияның билеуші этносы өзбектер қазақтарды өзіміз деп санап, олардың сұлтаны мен хандарының өзін өздеріне «тартып алып» отырған, ал Өзбекстан мен Тәжікстанның байырғы тұрғындары сарттармен тіпті үйленбеген. Ол кезде Қазақстан территориясында ешқандай тәуелсіз қазақ этносы болған емес. Көшпелі татарлар, өзбектер, ноғайлар, қазақтар одан гөрі тілі (қыпшақ)және мәдениеті бір біртұтас тек саяси шекара арқылы ғана бөлінген этностың субэтникалық топтары еді. Сондықтан «Кобланды», «Едыге», немесе «Алпамыс» сияқты сол кезеңнің эпикалық шығармалары