Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров
оғыздардан асқаны үшін дәріптеу ретінде Х ғасыр географы Насири Хосров берген және Х ғасырда Ұлы Селжүктер енгізген Шыңғысхан ұрпағы, төрелерді, негізі сириялық «сұлтан» атауына қатысты. Ежелгі монголдар, немесе одан сайын қазақтардың, тұрмыста төрелерін сұлтан деп атауы, немесе қазақ даласын қыпшактікі деп атауы, әсіресе, олардың монголдардан жеңіліп, Еуропаға кеткен уақытта өте дүдәмал. Бұл мәселеде мұсылман қайнаркөздерін шығыс отырықшы халықтарының далалық өмірдің әлеуметтілігін қабылдауға жат екенін ескеру керек. Немесе неге олардың XVI–XVII ғғ. эфсаналарында қазақ жүздері жөнінде ешбір дерек жоқ, орыстың 1616 жылғы «Сұрақпен сөйлетуде…» («Расспросные речи…») олар бар ғой… (386–387 б.). Сондықтан оқулық редакторларының назарын Валиханов пен Радловтың «би» сөзін «билік» сөзінен шығарғанына және оны түріктің «бек» сөзінен шығарудың қателігіне және оны «эмир» араб сөзіне, немесе монголдың «нойон» сөзіне теңеудің тіпті қателігіне назарларын аударғым келеді (379 б.). Сонымен бірге, тұлғаның тек ру бөлігі ретінде ғана маңызы болды және заңды тұлға ретінде тек ру саналды деген байбаламы да артықтау болып тұр (378 б.). Бұл шешім қазақтарды тек шығыстық және азиялық халық, дәстүрлі қоғамның жемісі деп қараған тұжырымнан туған және дәл болуға жеткілікті негізі жоқ, өйткені, кез келген тұлға, ол тіпті қазіргі батыстық адам болсын, өзінің құқықтарын қорғау үшін қоғамға жүгінеді, себебі ол сол қоғамның өкілі. Ру-тайпалық бірлестіктердің территориясына байланбаған әскери-әкімшілік бөліктер ретіндегі ұлыстардың, тайпалар одағы дәстүр арқылы шектеулі территорияға байланған этнотерриториалды жүздерге ауысуы жөнінде оқулықта онша көп айтылмаған, солардың ең маңыздысы мына нұсқалар:
1) Ханның мұрагерлік иелігіндегі ұлыстың негізі – «мемлекетті құраған халық», ел болған, яғни көшпелі тайпалардың, рулардың және қазақтардың одағы және олар кетсе, ұлыс жоқ болған, жойылған деп саналған;
2) ұлыстың өз бақылауындағы территориясы «жұрт», «йурт» деп аталған;
3) жәй ұлыс 60 мың адамнан тұрған, ал ұлыстардың бірлігі ретіндегі дербестенгені – 300-ден 400 мың адамға дейін және де ХVI ғ. Қазақстанда 3 дербестенген ұлыстың ішінде 20 шақтыға дейін жәй ұлыс болған, яғни «жоғарғы биліктің бірлігіне басқару билігі сәйкес болмаған»;
4) үш жүз XVI ғ. аяғына дейін пайда болған және алғашқыда оларды билер басқарған, содан бері олар үш дербестенген ұлыспен бірге тірлік еткен, ал XVII ғ. ұлыстардың орнын өздері толығынан алып алған;
5) XVII ғ. 20-шы жылдарында төрелер билерді ығыстырып, жүздерді өздері басқарып кеткен, ал оларға тек ру-тайпалық билікті қалдырған, содан кейін ұлыстар ешқашан қайта пайда болмаған (сонда, 384–387 б).
Осы қорытындылаушы нұсқаулардан кейін біз Ақ Орданы Жүз Орда деп атағаннан кейін жүздердің әрқашанда болғанын, бірақ ұлыс хандарының саяси экспансиясы үшін шексіз этнотерриториалдық кеңістіктер болғандықтан, жүздер өздеріне территорияны қатаң бекіте алмаған, өйткені көшіп қону бағыттары тұрақтанбаған