Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров


Скачать книгу
жағымды жақтарын көп әңгіме қылуға болады, бірақ тарихқа салқынқанды адамның бәріне ол еш құпия емес.

      Бәлкім, қазақ тарихшыларының дөрекі мылжыңдарының шығуының себебі тек қана ғылымға ене бастаған ұлтшылдықтан ғана емес. Қазақ-орыс қатынастарының осындай пайымдау үлгісін баяғы «салқын соғыс» кезінде Ресеймен геосаяси қақтығыста болғасын американдық және батысеуропалық зерттеушілер жасаған. Егер біздің отандық ғалымдарымыз А. Боджер, Р. Пирс, М.Б. Олкотт және өзге шетел тарихшыларының еңбектеріне сілтеме жасауды жақсы көретін болса, ол кездейсоқ емес. Іс жүзінде көбінесе қазақ-орыс өзара қатынастары жөніндегі кітаптарда біз бұл мәселеге американдықтар көзқарасымен танысамыз».

      Сонымен бірге, автордың пікірі Р. Темиргалиевтің «Қазақстан тарихындағы жоңғарлар. Шынайы емес тарих» мақаласына жақын (02.05.2007 ж., www.zonakz.net/articles):

      «Қазір ақтабан шұбырынды дәуірін қасиетті бір нәрсе ретінде келтіріп және қасіреттілігі жөнінен ХХ ғ. 30-шы жылдардағы коллективизациямен бір тұрғыда деп санайды… Ұлттық тарихи нұсқа бойынша, батыс монголдар «ойраттар, жоңғарлар, қалмақтар» жүз, яки екіжүз елу жыл уақытында қазақ даласын жаулап алуға тырысқан… қазақ халқын қырып жоюды мақсат тұтқан, ал қазақ феодалдары өзара қырқысқасын оған қарсы тұра алмаған. Осы жаумен күрес қазақ мемлекетінің дамуына кедергі болған және оның Ресейге қосылуына басты себеп болған.

      …Тарихты түсінудің мұндай үлгісі тарихшылардың шыншыл еместігінен туындаған. Өйткені, бар құжаттық ақпараттар жоңғар мен қазақ шатағының дәл осындай жәй жергілікті қақтығыстардан еш айырмашылығы жоқ екенін айтады. Қазақ билеушілері мен ортағасырлық шейбанидтердің теке-тіресі «Орбұлақ» пен «аңырақайдан» зор қандыкеш оқиғаларға апарған. Иә, әрине, жоңғарларға Сыр бойындағы маңызды қалаларды, көшпенділер қоныстарын басып алу еш артық болмас еді және олар кейде конфликт тудырушы рөлін ойнаған, бірақ іс жүзінде жоңғарға кіммен болса да соғысу пайдасыз еді, өйткені олардың Цин империясымен соғысында әрбір жауынгер санаулы еді. Оның есесіне, мұндай нәрсеге қытайлардың өздері мүдделі еді… Сол сияқты, мұны білсе де, білмесе де Жәңгір, Тәуке, Абылай өзге билеушілер сияқты, Қытай мүддесіне қызмет еткен.

      …Жоңғар қонтайшылары ең болмағанда өздерінің қазақтарға жасаған жорықтарын «олардың бұрынғы бүліктері мен жорықтарына қарымта» деп түсіндірген. Мысалы, 1698–1699 жылдардағы соғыс қазақ ханы Тәукенің ұсқынсыз қылықтарынан туындаған. Ол алдымен көктен шүйілгендей жоңғарлардың бірнеше керуенін тонаған, сосын бес жүз адамнан тұратын елшілігін қырып тастаған, содан жоңғарлар кезекті соғыс ашуға, былайынша айтқанда, мәжбүр болған. Қазақ хандары қақтығыстардың себептері жөнінде жұмған аузын ашпаған… Тек кейін ғана кейбір тарихшылар монголдар Шыңғысхан империясын қайта құруға талпынған-мыс деген. Егер енді мектеп оқулықтарында қазақтар жабайы монгол ордаларының соққысын өзіне қабылдап, Еуропаны құтқарды деген тұжырым болса,


Скачать книгу