Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер. Канат Нуров

Kazakstan: ұлттық идея және дәстүрлер - Канат Нуров


Скачать книгу
көшкенін өмір сүруде жеңіп шығудың маңызды факторы санайды, «өйткені өте жәй жүретін үйлі арбалар ойраттың жойқын атты әскеріне оңай олжа болатын» (Темиргалиев Р. Настоящая история… с. 268). Жоғарыда «Қазақстан және Орталық Азия тарихы» оқулығы редакторларымен дискуссияда келтірілген дәлелдерден өзге мынандай нәрселерді айту қажет:

      1) Қазақстанда көшіп-қонудың ұжымдық тәсілі Шыңғысхан бүкіл ұлы даланы бағындырғаннан кейін монгол уақытында болған емес,

      2) қашқындар юртасы ретіндегі қазақ арбасы куренді құрайтын барлық өзге ежелгі монгол арбаларынан жылдамдығымен ғана бөлектенетін.

      Ең кемінде, қазақ арбасындағы «дөңгелектегі өмір» курендік таборлар шабуыл жасағанда, аса көп жиналмай бұрынғы тұрған орынды тез ауыстыруға мүмкіндік беретін. Дәл осы қасиетінде Борис Яковлевич Владимирцов сияқты ірі монголтанушы өзінің «Монголдардың қоғамдық құрылысы…» кітабында атап өткен ежелгі монгол хасах тергенінің мәні болатын. Біз осы мәселеге арналған осы іргелі еңбекті оқығаннан кейін Р. Темиргалиев пікірін өзгертеді деп ойлаймыз.

      Радик Темиргалиевтің «Казақтар және Гумилёв» мақаласы да біздің қыпшақтарға қатысты көзқарастарымызды үйлестіру бөлігінде өте қызық, бірақ қайта басылып отырған кітаптың авторы қазақ халқының бір тайпасы ретіндегі Дешті Қыпшақ ұғымын қазақ даласына оның тарихының ежелгі монгол кезеңіне қатысты қолдану дұрыс емес деп есептейді және қыпшақтарды қазақ этногенезінің басты факторы деп санамайды. Өкінішке орай, көшірмесі Еуразиялық университетінде тұрған Л. Гумилевтың қолжазбасы осы уақытқа дейін баспадан шықпады… Л. Гумилевтың пікірі бойынша, қазақтар халық ретінде XIV–XV ғғ. пайда болса да, бірақ далалық суперэтносының бөлінбес бөлігі ретінде XII ғ. бері, Монголия территориясында болған пассионарлық дүмпу уақытынан тараған… Қазіргі кезде қазақтар мен монголдар мәдениет пен өнердің көркею дәуіріндегі инерция кезеңінде тұр. Бұл жолдардың авторы өзін Л. Гумилевтың қызу жақтасы деп санамайды және пассионарлық дүмпулер, немесе дәлірек айтқанда, олардың жерден тыс шығу тегі идеясына сынмен қарайды, бірақ этникалық жас мөлшері жөніндегі шешімдермен келіспеу қиын, оны айтасыз, тарих бұл шешімдерді растап отыр. Жаңа Еуропаға бастау берген VIII ғ. дүмпудің ықпалы қазақ даласына да әсер еткен деген ойды негізі бар деп санауымыз керек.

      VIII ғ. Дүмпу.

      Руникалық ескерткіштерде және араб тарихшыларының еңбектерінде алғашқы рет қыпшақ этнонимі аталады, яғни, тарихи аренаға жаңа халық шығады. «Қыпшақ» ұғымының көбінесе шартты екенін есте ұстау қажет және кейін бұл халық шарлар, кумандар, половцылар, кундар, ногайлар, татарлар, өзбектер, казақтар сияқты (курсив авт.) түрлі атаулар арқылы танымал болды. Бұл атаулардың кейбірі кейін қазіргі халықтарға көшті,сондықтан автор қыпшақ ұғымын қолдану қажет деп санайды, өйткені бұл осы халық тарихының тұтастығын ұғынуды оңайландырады». Қайта басылып отырған кітаптың авторы да


Скачать книгу